"Насафи ақидасы" мәтіні 1

Матурудия мектебінің әйгілі ақида мәтіндерінің бірі «Насафи ақидасы» мәтіні. قال أبو حفص عمر بن محمد النسفي رحمه الله تعالي Әбу Хафс Омар ибн Мұхаммед ән-Насафи[1] (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді: Заттың ақиқаты және оны танудың білім қайнаркөздері жайлы.  قال أهل الحق: حقائق الأشياء ثابتة والعلم بها متحقق خلافا للسوفسطائية. Әһлул-Хақ былай дейді[2]: «Заттардың ақиқаттары бар. Әрі «софистердің»[3] көзқарасынан айырмасы оның (яғни ақиқаттың) танымы бар[4]. وأسباب العلم للخلق ثلاثة: الحواس السليمة والخبر الصادق والعقل Жаратылғандардың білім қайнаркөздері үшеу[5]. Олар: а. Сау сезім мүшелері; ә. Шын хабар; б. Ақыл; فالحواس خمس: السمع والبصر والشم والذوق واللمس . وبكل حاسة منها يوقف علي ما وضعت هي له كالسمع والذوق والشم 3. Сезім мүшелерінің бес түрі бар. Олар: а. Есту; ә. Көру; б. Иіс сезу; в. Дәм сезу; г. Ұстау; Бастысы әрбір сезім мүшесі өзіне жүктелген міндет арқылы нақты мағлұмат береді.  Есту, дәм сезу және иіс сезу т.б секілді[6]. Аударған әрі түсініктеме берген Бауыржан Әлиұлы. Жалғасы бар. [1]Әйгілі фақиһ, мұхаддис, муфассир, ханафи мәзһабының әйгілі имамдарының бірі. Лақабы «Нажмуддин» (дін жұлдызы деген мағынаны білдіреді) және «Муфтис-Сақалайни» (жын мен адамзаттқа пәтуа беруші дегенді білдіреді). Һижри 472 жылы дүниеге келіп, һижри 537 жылы Самарқандта дүниеден өткен. Атақты имам Баздауидің(Алла оны рақымына бөлесін) шәкірті. Өте, бағалы құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! [2] Ақиқат ізбасарлары. Яғни Матурудия мәзһабын ұстанатын ғалымдар. [3] Кез келген заттың ақиқатын мойындамау арқылы Алла Тағаланы да жоққа шығаратын адасқан ағым. Софистердің «сопылыққа» мүлдем қатысы жоқ. [4] Имам Омар ән-Насафидің ақида мәтінін былай бастауының басты себебі оның өмір сүрген шағында адасқан философиялық көзқарастар өте көп болған. Соларға тойтарыс беру мақсатында мәтінге осындай кіріспе жасаған. [5] Шынымен-ақ адам баласының мағлұмат алатын, білімқорын жинайтын қайнаркөздері үшеу. Бұлардан өзге білім қайнаркөзі болмайды. [6] Яғни, иіскеу арқылы иісті, көру арқылы көрінетін затты көруге болады.  Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=765