Жылыой аудандық мешіті ұжымы өлке тарихымен танысты

Жылыой аудандық орталық мешітінің ұжымы өлке тарихымен кеңірек танысу мақсатында Құлсары қаласында орналасқан жергілікті кітапханаға және музейге арнайы барды.
Орталық кітапханада ондағы кітап қорымен танысқан ұжым, өздерін қызықтырған сауалдардың жауабын алды. Және алдағы уақытта кітапханамен бірлесе атқаратын шаралардың жобасын талқылады.
Одан әрі жылыойлық дін қызметкерлері жергілікті музейге барып, құнды жәдігерлермен танысты.
Еске сала кетелік, Наурыз мерекесінің құрметіне орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен мешіттер арасында он күндік декаде жарияланған болатын. Декадеге сәйкес, мешіттер әр күнін дін, дәстүр, тарих сабақтастығы сынды мақсатты жобаларға арнайды. Сонымен қатар, мешіттер арасында түрлі қайырымдылық және спорттық, ағарту бағытындағы шаралар ұйымдастырылуда.