Жылыойлық азамат әкесінің садақасына жұмсалатын қаржыны қайырымдылыққа үлестірді

Жылыой ауданының Абзал Жаманқұлов есімді тұрғыны марқұм болған әкесінің жеті, қырық, жүз күндік қадесіне жұмсалатын шығынды мұқтаж отбасыларға азық-түлік ретінде таратып, садақа берді.
30 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасы Жылыой аудандық орталық мешітінде өтті.
“Садақаны осындай жария жолмен беру Абзал бауырымыздың таңдауы. Және бұл шариғатымызда қайырлы амал саналады.
Азық-түліктер мешітімізде мұқтаж ретінде тіркелген отбасыларға таратылып берілді. Алла Тағала марқұм болып кеткен Найзабай Жаманқұлұлының атынан берілген садақаны қабыл етсін” дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.