ЖЫЛЫОЙДА ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН АРЫСТАРҒА ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ.

31 мамыр - Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл жай дата емес. Меніңше, уақыт өткен сайын бұл күннің қадір-қасиеті, маңызы арта береді...
Тәуелсіздік жолында жанын берген асыл ерлерімізге, дана аналарымызға қол жайып дұға қыламыз. Зұлмат жылдар ауданымызды да айналып өтпеді. НКВД-ның жазықсыз қудалауына ұшырап, атылған арыстар есімі мәңгі есімізде. Алланың қалауымен  Жылыойда қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың 100 ге жуық тізімі жарияланды.Анығын Алладан басқа ешкім білмейді.Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы "мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып Құран бағыштады.