Деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіп-қатері

Бүгінгі тақырыбымыз десструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіп-қатері туралы болмақ.
Елбасының 2006 жылғы 10 қазандағы “Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығында: “Соңғы онжылдықта шетелдік насихатқа, сондай-ақ жекелеген азаматтар мүдделілігіне бола елде таратылып отырған діни жоралғылармен байланысты түрлі экстремистік пікірлер байқалуда. Жастардың Кришнайттер, Иеһова куәгерлері секілді Қазақстан үшін дәстүрлі емес бірлестіктерге, сондай-ақ экстремистік ұйымдарға, мысалы, “Хизб-ут-Тахрир діни саяси бірлестігіне және басқаларға деген қызығушылығы осы бірлестіктер мен ұйымдарды белсенді жақтаушылардың жас адамдардың санасына психологиялық ықпал етуімен байланысты. Сондықтан діни саладағы пайда болатын өзекті проблемаларды реттеудің нақты тетігін әзірлеу қажет”, делінген.  Бұл дін атынан сөйлеушілердің барлығы біздің мүддемізге, руханиятымызға үлес қосушылар емес екендігін аңғартады. Әрі аты айтып тұрғандай десструктивті (бүлдіруші) діни ұйымдардың қоғамымызда діни сенім бостандығын желеу етіп дендеп орнығуы бізді алаңдатпай қоймайды. 
Деструктивті діни секталардың дүниеге қатысты түсініктері ұқсас келеді. Бұл деструктивті діни секталардың негізін салушылар абсолютті ақиқатты таныған адам ретінде қабылданып, ол пайғамбар, данышпан тіпті кейбір ағымдардың сенімінде тірі құдай депте саналады. Діни сектаның негізін қалаушы шәкірттеріне (жолын ұстанушылар) белгілі бір «ақиқатты» танытады, барлығының құтылатынына кепілдік береді, егер оның көрсеткен жолымен жүрген жағдайда. Құтылушылық білімді игеру діни секта мүшелерін танылмаған әулие, әлемнің шынай элитасы етіп көрсетеді.
Бұрынғы, қазіргі және келешекке қатысты тұжырымдарынан дүние түсініктерін негіздейді. Діни секталар дүниетанымдық негіздерін “өткен уақыт қателік, азап пен адасу дәуірі, қазіргі заман өтпелі кезең ретінде қарастырылып, енді ақиқат ашылды, бірақ әлі толық жеңіске жеткен жоқ, зұлымдық пен ізгілік арасында бітіспес күрес жүруде түбінде біз жеңеміз, өздерінің тапқан ақиқаттары жеңіп, дүние жақын арада түбірімен өзгереді, сенбегендер жойылып, сенгендер құтылып жаңарған әлемнің жаңа тұрғындары болады,,- деп түсіндіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде «Адамдарды ең қайырлысы адамдарға пайдалы болғаны» демей ме, олай болса десструктивті ағымдардан зардап шегушілердің қатары да күн санап көбейюі, шағымданушылардың артуы олардың адам баласына байда көздемейтіндігін көрсетеді. Әрі Құран Кәрімде : «Ізгілікте, тақуалықта қол ұшын беріңдер, ал күнәлі іс пен дұшпандықта көмектеспеңдер!» (Маида сүресі, 2 аят) делінеді ғой. Олай болса діннің атымен, құдайдың атымен ел ішіне бүлік салып, отбасын ойрандап, ағайынды бір-біріне қарсы қойып жатқан діни ағымдардың шынайы бейнесін көрсету, одан сақтандыру әрбір саналы азаматтың міндеті болса керек.
Қадірлі жамағат!
Деструктивті діни қозғалыстарды жіктелуінің ғылымда ортақ принциптері қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделігінде. Сол себепті кейбір зерттеушілер бір діни сектаны белгілі топқа жатқызса, екіншілері оны басқаша жіктейді. Дінтануда діни секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық негіздеріне байланысты шартты түрде топтастыру қалыптасқан. Осы принциптер бойынша діни секталардың классификациясы төмендегідей беріледі:
Бірінші замануи тәртіпке (принципі) қатысты Деструктивті діни қозғалыстар үшке бөлінеді:
Дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни дүниелік заңдар мен саяси- әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және дүниетанымдық ілімдер жатады.
Дүниені жоққа шығаратын деструктивті діни қозғалыстарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде, яғни әлемде өзара күресуші бітіспейтін ізгілік және зұлымдық секілді екі күш бар, ақырзаманның орнауы барлығын орнына қояды, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхатологиялық сенім. Бұл топқа жалған христиандық (псевдохристианства) бағыттағы Виссарион шіркеуі жатады. Иеговаларды да армагедон идеясына байланысты осы топқа кіргізуге болады.
Дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы зұлымдықпен күресуге күш салады. Адамның интеллектуалдық қабілетін арттырудың әдіс – тәсілдерін ұсынады. Оны ғылыми негіздеуге талпынады. Сол арқылы өздерінің қатарына адам тартуды көздейді. Сонымен бірге Зерттеуші Е.Н. Волков кейбір деструктивті  діни сектаралардың түрлі психотехникалық әдістер арқылы адам санасын бақылауда ұстайтындығын жазады. Соларға қысқаша тоқталсақ:
-Адамның уақытын бақылауға алу, әсіресе оның ойлау кезін.
-Сектаға жаңадан кірген адамда бейшаралық сезім қалыптастыру, өздеріне тиімді жолға салу.
-Секта мүшесін бұрынғы әлеуметтік қалпын өзгерту мақсатында оның санасына сый беру және жазалау арқылы ықпал ету.
-Басшылыққа тиімді әрекет жасау үшін секта мүшесін сыйлық пен жаза әдістерімен шатастыру.
-Қатаң бақыланатын жүйе жасау, яғни адам топ мүшелерінің көзқарасынан ауытқыса, оның қалыпты қағиданы бұзушы ретінде өзін кінәлі сезіндіру.
-Секта мүшелерін болып жатқан нәрселерге есеп бере алмайтын жағдайда ұстау.
Сананы бақылау техникалары:
Топтық қысым көрсету немесе сүйіспеншілік көрсету - адамның күдіктенуіне жол бермеу, жаңа мүшені ерекше ілтипатпен қарсы алу, оны бір мезетте жалғыз қалдырмау, тәжірибелі адамдардың жаңа мүшенің қасында үнемі болуы, оны үйретуі.
Оқшаулау - жаңа мүшенің секта туралы мәліметін тексеруіне мүмкіндік бермеу.
Ойлауды тежейтін техникалар - жаңа мүшені медитацияға кіргізу, бір әуезді ән айту және қайталанатын қимылдар, оларды көп жасағанда адамда жоғарғы берілгендік пайда болады.
Қорқыныш пен кінәлік - ашық немесе жасырын сес көрсету арқылы адамда қорқыныш пен кінәлік сезімдерін ояту.
Ұйқыдан бас тарту - рухани жаттығу үшін деп аз ұйықтату.
Қалыпты тамақтануды бұзу — денсаулықты жақсарту және рухани жетілу үшін арнайы диета немесе арнайы рәсім деп түсіндіріледі.
Сезімдік қайта күштеу - жаңа доктринаны қабылдауға күштейді, оған өте көп ақпаратты игеруіне аз уақыт береді және сыни ойлауын шектейді.
Қадірлі ағайын!
Сананы бағындырып, бақылау жүргізудің үш кезеңі төмендегідей сипаттармен ерекшеленеді:
1.Тоқтату (психологиялыц тежеу, адамды психологиялъщ шашыраңқы-лыққа әкелу және сананың бейберекетсіздігі). Бұның ішіне
-қате бағыт бағдар беру (дезориентация);
-сезімге күш түсіру (сенсорная депривация или перегрузка);
-физиологиялық манипуляция яғни тыныш ұйықтауға, жалғыз қалуға, қалыпты тамақтануға мүмкіншілік бермеу, бұл физиологиялық және психикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін;
-гипноз жасау, ол үшін түрлі бір әуенді ән, екі мағыналы сөз, медитация, дұға ету және т.б әдістер қолданылады;
-жаңа мүшеге өзінің бірегейлігін анықтауды мәжбүрлейді.
Өзгерту:
-адамды жаңа бірегейлік жасау;
-іс-әрекетті түрлендірудің техникаларын қолдану (сый-жаза, ойлауды тоқтату техникасы, ортаны бақылау);
-мистикалық манипулация (оцигалар мен жағдайларға басшылыр мүддесіне сай мән мағына беру);
-гипноз қолдану;
-күнәдан арылу мен жасырын мәлімет алуды қолдану кіреді
2. Енгізу (жаңа стреотиптерді консервациялау)
-адамның ескі бірегейліктен бас тартып жаңаға көшуі (өткеннен ажырау, жеке мүлкін сектаға өткізу, басқа секталар мен жақындасу);
-жаңа есім, жаңа тіл, жаңа отбасы;
-жаңа рөлдегі міндеттерді атқару: таныс жүйесі;
-санаға ықпал етудің (индоктринация) жалғасуы (семинарлар, оқу, топтың қағидаларды игеру);
Санаға бақылау жүргізу төрт негізгі салада іске асырылады:
-Мінез — құлықты бақылау (контроль поведения)
-Ақпаратты бақылау (контроль информации)
-Ойды бақылау (контроль мышления)
-Сезімді бақылау (контроль чувств, эмоций)
-Мінез - құлықты бақылау
Адамның жеке өмірін реттеу (қайда және кіммен тұратыны, киетін киімі, тамағы, қанша ұйықтау керектігі және қаржылық кіріптарлық);
-Сананы улау мен топтық рәсімдерге көп уақыттың бөлінуі;
-Сый беру және жазалау;
-Қатаң қағида мен ереже;
-Жеке даралықтың жойылуы, орнына топтық ойдың белең алуы;
-Бағыну мен тәуелділікке бейімділік.
Ақпаратты бақылау:
Ақпаратты бақылау төмендегідей іске асырылады.
Алдап - арбауды қолдану (ақпаратты әдейі жасыру, ақпаратты теріс жеткізу, өтірік айту).
Секта мүшелерінің басқа көздерден ақпарат алуын мүмкіндігінше шектеу немесе міндеттер жүктеп олардың ойлануына мұрша бермеу.
Сыртқы ақпаратты өз мақсаттарына бұрмалау, секта басшысының ақпаратты реттеп отыруы.
Секта мүшелерінің бір - бірін аңдуына қолдау көрсетуі.
Сектаның өз ақпараты мен үгіт - насихатын кеңінен қолдану (журналдар, газеттер, үнпарақшалар, аудио-бейне таспалар, түрлі дәйектемелер және т.б )
Күнадан       арылу рәсімін жиі өткізу (күнә туралы ақпарат - бақылауда ұстау үшін адамның тұлгалық болмысын жою).
3. Ойды бақылау:
Ойды бақылауға мыналар жатады.
-Сектаның доктринасын ақиқат ретінде қабылдауға мәжбүрлеу:
-біздің сызба шындыққа сәйкес;
-ақ пен қара (басқа түс жоқ);
-ізгілік зұлымдыққа қарсы (келісім және күрделі өзара қатынас жоқ);
-Күрделі тілді меңгеруді міндеттеу (сектанттың лексикон).
-Жақсы және дұрыс ойларға қошемет көрсету (секта басшысына ұнайтын).
-Ойлауды тоқтатын техникалар қолдану:
-жоққа шығару, ақталу, қажетсінгенді шындық ретінде қабылдау;
-бір жақты жәй сөйлеу, ән айту немесе дыбыс шығару;
-медитаңия;
-дұға ету.
-Көсем, доктрина немесе сектаның саясаты туралы сыни сұрақтар қоюға тыйым салу.
Баламалы басқа діни сенімді ұстануға тыйым салу.
4. Сезімді бақылау:
Сезімді бақылауға жататындар.
Адамның сезімдік кеңістігін тарылту.
Кез - келген мәселеде адамның өзі кінәлі деген сенім ұялату.
Кінәлікті көп қолдану:
бірегейлік кінәлігі;
әлеуметтік кінәлік;
тарихи кінәлік.
Қорқыныш сезімін коп қолдану-түрлі фобиялар енгізіледі.
Күнәхар сезіндіру үшін рәсімдерді коп қолдану.
Сезімдік жоғарылау мен төмендеудің шектерін жасау.
Көріп отырғаныңыздай кейбір діни ұйымдар адам санасын бақылаудың күшті техникасы ретінде түрлі фобияларды кеңінен қолданады. Қорқыныш сезімі үнемі күшейтіліп тұрады. Адам санасына жеке және сыни ойлау, сектадан кетуден, жаулардан, табиғат апаттары және т.б. қорқыныштар енгізіледі (индоктринация).
Қорыта айтқанда, бүлдіргіш діни ұйымдардың көпшілігі адамды өз қатарынан жәй шығара салмайды, оны қорқытып, алдап — арбап кетірмеуге тырысады. Бірақ сирек болсада есебін тауып шығатындар бар. Діни сектадан шыққан адамға барлық жағдай жасалғанымен, ол өзін әлеумет ішінде еркін сезіне алмайды. Мұндай адамдарда көбіне өзін жоғалтуы, депрессия, шешім қабылдай алмауы, ерік бостандығы мен өз өмірін бақылай алмауы, психологиялық дамудың баяулауы, әзіл-қалжың сезімін жоғалтуы, түрлі психикалық ауруларға шалдығу, ұйқының қашуы және т.б. көптеген мәселелер кездеседі. Тіпті кейбір адамдар қайтадан сектаға барады, біраз уақыттан кейін кері қайтіп екі арада дел - сал болады. Мұның барлығы негізінен жастар арасында діни сауаттылықтың қоғамдық қажеттілік талаптарына сай дамымай отырғандығына байланысты деп санаймыз.
Қадірлі жамағат! 
Қазіргідей ақпарат ғасырында бізді қоршаған көптеген мәліметтер мен діни көзқарастардың арасынан анығын таңдау, болашақ жастарға дұрыс бардар беру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Алла Тағалаға әрбір намазда, Фатиха сүресінде «Бізді адасқандарға қоспа, бізді тура жолға сала гөр! деп дұға жасаймыз. Алла Тағала өзі тура жолға бастасын, дұғаларымыз қабыл болсын!
Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш