«Рухани жаңғыру»






«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Дархан дала» жобасы аясында Ақмешіт қорымына Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылының имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы және Сағын Қапесұлы зират жасадық. XVIII-XX ғғ. Атырау облысы, Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауыллық округіндегі Ақкиізтоғай ауылының солтүстік-шығысына қарай 28 шақырым жерде орналасқан. Бұл атақты діндар, ағартушы және сәулетші Бекет Мырзағұлұлының (1750-1813 жж.) туып-өскен жері. Ол халықтың ерекше ықыласына бөленген тұлға. 1771-1774 жылдары Бекет ата жерасты мешітін салды, ағарту, рухани және емшілік қызметпен айналысты, балаларды оқытты. Мұнда Бекет атаның әкесі Мырзағұл, анасы Жәния және баласы Тоғай жерленген.19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті. Қатты бор жынысынан қашалған, үш дөңгелек етіп бір-бірімен жалғаса иіліп жасалған төбесі бар бөлмеден тұрады.Мешітке кіретін жер тар, ұзынша, бірінші бөлменің төбесінде сәуле түсетін тесігі болған. Қабырғаларында қуыстар, оңтүстік-батысында, түпкі жақта михраб орналасқан. Ақмешіттің шырақшысы Ислам қажы Мырзабекұлы мешітке,халыққа 25 жыл қызмет жасап, бүгін халыққа садақа беріп,       Абыз ақсақал, белгілі меценат Төкен Танаұлы және Ізбасов Мақсым Шафихұлы қатысып, тартымды уағыз насихат айтылып, жаңадан келген шырақшыны Мейрамбай  Шаңдыұлын таныстырды.Ата бабаларға Құран хатым жасалды.