
Кеш барысында Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жұртшылықты қасиетті Мәуліт айының басталуымен құттықтады. Және екі дүние сардары болған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі туралы қиссалармен бөлісті.
“Пайғамбар – әлемдерге мейірім шуағын төгуге келген жан.
Сондай-ақ Алла мейірімді пенделеріне ғана мейірім көрсетеді», – деп айтқан (Бұхари).
Алла Елшісі (с.ғ.с) адамдарға ғана емес, барлық тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарайтын” деген Жасұлан Қағазғалиев Пайғамбар (с .ғ.с) өнегесін жұртшылыққа үлгі етті.