Жетім-жесірге қамқор болу

Асыл дінімізде басқаның қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу айырықша бағаланатын асыл қасиеттер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде былай дейді: «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» деп мұқтаждардың қажетін өтеуге үндеген. 
Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандыры діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміз мешіттеріне белгілепберген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар, Мүфти хазіреттің арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны болып саналады.
Бас мүфтидің тапсырмасы аясында, Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/ туылған «Мәуліт» айына орай, «Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Ж.Ыбыраштың ұйымдастыра отырып, мешіт ұжымы мүмкіндігі шектеулі отбасы Артурға азық-түлік таратып, қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция Шоқпартоғай ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтылып жүр.
Пайғамбарымыздың (а.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды бізге өнеге қылып кеткен.
«Қапан қажы» 
мешіттің баспасөз қызметі ,