Жамағаттары арасында аяқ доптан

Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Атырау облысы ,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай тұрғындары ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында аяқ доптан жарыс өтті. Спорттық ойынға Құлсары қаласына қарасты барлық мешіт қатысты.
Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Шоқпартоғай денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында Құлсары мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарды.
Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, «Қосшағыл» елді мекеніндегі мешіт пен «Тұрғызба» мешіті атынан құралған командаларға да алғыс айтылды.
«Қапан қажы» мешітінің баспасөз-қызметі.