"Қапан қажы" мешітінде тарауих намазы оқылды.

Рамазан – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Ұлы жаратушының пенделеріне теңдесіз сыйы – қасиетті Рамазан. Рамазан сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптелетін, рухани құндылықтар көрініс табатын, бірлік пен ынтымақты нығайтатын жақсылық айы. 
Жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.  
Сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті айда Алла Тағала атқарған әрбір адал кәсіптеріңізге берекесін бергей! Айлардың ұлығы, сағына күткен Рамазан айы құтты болсын! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Тарауих намазында имам Жамбыл қажы Демеу ұлы,жаңадан намаз бастаған және бірінші рет ораза ұстауға ниет қылған жастарға сыйлықтар табыстады.
Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Сіздерді қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Алла игі істеріңізге береке берсін. Әумин! 
© Ізгі тілекпен, «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы.