"Қапан қажы" мешітіне Түркия елінен келген Қари

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітіне Түркия елінен келген Қари Акбаш Ирфан бауырымыз және "Жылыой мұсылмандары"мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы,наиб имам Сарсекеев Ажок  Саясатұлы келіп мештімізде намаз оқып,тартымды уағыздарын айтты.Жылыой туған өлкемізді Қасиетті Рамазан айында Құранмен нұрландырып, киелі Жылыой жерін, жамағатымызды рухани байытып, жоғары деңгейге көтеруге нәсіп етсін! Арайлы Жылыойдан да Қарилар көптеп шығуды Жаратқан Жаппар иеміз нәсіп етсін! Әумин!