«Тасаттық»

Қазақ тіліне «Тасаттық» сөзі араб тіліне енген. Араб тіліндегі «тасаддуқ» сөзі – Алла разылығы үшін қайыр садақа беру мағынасында қолданылады.Дегенмен, қазақ халқының ұғымында ол жауын тілеу мақсатымен Алла разылығы үшін көпшілік атынан құрбан шалу мағынасында қолданылады. Халқымыз күні бүгінге дейін тасаттық беру үшін бірігіп, құрбандыққа шамаларына қарай ірі қара, ұсақ мал шалып, көпшілікке ет асып, дастархан жайып, Құран оқып, дұға жайып, Жаратушы Иемізден жаңбыр тіді. Демек , тасаттық беру рәсімі бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде Алла Тағаладан жаңбыр тілегенде жасалатын діни рәсім болып табылды.
Ал дініміз бойынша қалай жаңбыр тілеу керегін Құран Кәрімде және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.дініміз бойынша Алладан с.) мүбәрәк хадис шәріптерінде баяндалған.Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен хадисте былай дейдіі: Адамдар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп күннің қуаңшылығына, ыстығына шағымданған еді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) оларға арнайы намаз оқитын кең жерге мінбер әкеліп қоюды бұйырды да,кейбір бір күні адамдарға сол орынға шығатынын уәде етті». Айша анамыз (р.ғ.) сөзін жалғастырып: «Сөйтіп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күннің жиегі көрінген кезде шығып, мінберге отырдыда да, Алла Тағаланы ұлықтап, мақтаулар ,білдіріп былай: «Расында сендер елді-мекендеріңнің құрғақшылығына әрі жауынның өз мерзімінен кешіккеніне шағымданған едіңдер. Алла Тағала сендерге Өзіне ғана жалбарынуды әмір етті дұғаларыңа жауап беретініне уәде берді. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән, Ол аса қамқор мейірімді, қиямет күнінің Иесі, Қалағанын жасаушы Алладан басқа Жаратушы жоқ. Я Алла! Өзіңнен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ, Сен ешнәрсеге мұқтаж емессің, ал біз Саған мұқтажбыз, бізге жаңбыр жаудыр әрі оны бір мезгілге дейін нөсерлі ете гөр». Содан соң қолтығының ағы көрінгенге дейін қолын көтеріп дұға қылды да, қолын көтерген хәлінде киімінің ішін сыртына қаратып ауыстырып киді. Кейін мінберден түсіп адамдарға қарай беттеді де, екі рәкат намаз оқыды. Сол мезетте Алла Тағала аспанды бұлттандырды да күн күркіреп, найзағай жарқылдап, артынша Алланың қалауымен жаңбыр жауды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітіне жетіп үлгіргені сол еді, жауған жаңбыр күшейіп, нөсерлей түсті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдардың үйлеріне асыға жөнелгендерін көріп, азу тістері көрінетіндей етіп күліп жіберді де былай деді: «Барлық нәрсеге Алланың күші толық жететіндігіне және мен Оның құлы әрі елшісі екеніме куәлік етемін» (Имам Әбу Дәуіт). Жаратушыдан жауын тілеп Атырау облысы,Жылой ауданы ,Шоқпартоғай ауыл тұрғындары тасаттық садақасын берді. ''Қапан қажы'' мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы жиналған жамағатқа тасаттықтың мән мағынасын айтып,жамағатпен екі рәхат намаз оқып ,өткен ата баба рухына Кұран бағыштап ел жұрт үшін игі дұға етті.