Зираттарды тазалық жұмыстары

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының тұрғындары Қара Арна селолық округның мәжіліс залында "Жылыой газ"жшс директоры Жақашев Ғалым Мусиұлымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл ақсақалдары төрағасы Махамбетов Жеңіс, Қара Арна селолық округның əкімі Е. Елеусінов, "Қапан қажы "мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, ауыл тұрғындары қатыстысып көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында мешіт имамы Жамбыл қажы, Облыс әкімі Н. А. Ноғаевтың төрағалығымен өткен облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың бірінде Облыс көлеміндегі зираттардың жəй күйі жəне оларды күтіп ұстау мәселелері орын алғандағы хабарланды. Аталған хаттамадағы маңызды тапсырманың бірі зираттар аумағының тазалығын қадағалау. Облыс əкімінің осы тапсырмасына байланысты ҚМДБ-НЫҢ Атырау облысы бойынша өкілдігі ағымдағы жылдың 28 сәуірі, жексенбі күні облыс көлеміндегі зираттарды тазалық жұмыстарын жүргізгелі отыр. Осыған орай ауыл тұрғындары болып Шоқпар ата, Моншақ т.б зираттарын тазалау жұмыстарына жұмыла шығуға шақырды.