Иман

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде «Иман » тақырыбында уағыз айтылды.
«Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Жамбыл Демеуұлының және мешіт «Жастар секторының» жетекшісі Елеусинов Манарбек Боранғалиұлының ұйымдастыруымен өткен шарада дастархан жайылып, жастарды көркем мінез бен игі істерге тәрбиелеу тақырыбы көтерілді. «Нұр-Мүбәрак» университетінің дайындау курсын оқып келген Исахаев Еділ «Ілім алудың» және «Бақытты болудың басты кілті - көркем мінез бен сабыр деп, ендеше, бар жақсылықтың нышаны мен бастамасы бола білу әр мұсылманның қолынан келер іс. Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдар мен ізгілердің мінезі. Айша анамыз (Алла оған разы болсын): Хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Иә, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші» деп дұға ететін деді. Демек, әр мұсылманға Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін көбірек оқу керек» деп атап өтті Еділ Исахаев