100-жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 
"Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен "Жақсылықта жарысайық" акциясына атсалысып жатқан жастарымызға ризашылығын білдіріп-"Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде ас беру өте сауапты амал делінгенін айтып,әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артып, ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады - деді. 
Былтырғы Қасиетті Рамазан айында «Қапан қажы» мешітінің алдына ағаш үй тігіп 100-жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар беріп жастарға ғибратты істерін бастап берген болатын және де биыл да жақсылық істерін жалғастырып, ауызы ораза 190-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып, барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтты. Алла тағала сауаптан жазсын! Мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы ризашылығын білдіріп, осындай игілікке толы шаралар әрқашан ауыл xалқының ыстық ықыласын тудырады деген үміттемін -деді