Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аудандарға алғашқы сапарын бүгін Индер жерінен бастады.
Жергілікті Индер аудандық Әйіп қажы мешітінің жұмыс барысымен танысып, бірқатар тапсырмалар берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы басты мақсат - асыл дінімізді дәріптеу, діни ағарту, сонымен бірге, қайырымдылық жолында жамағатты біріктіру екендігін атап өтті.