Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында қасиетті жұма күні салтанатты жағдайда ашылған мешіттің сыйымдылығы 300 адамға шақталған.Мешіттің ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құлшылық ордасы – тәрбиенің, руханияттың мекені екендігін атап өтті.