Кеше Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі өз жұмысын жалғастыруда.
Кезекті ХХІХ мәжілістің екінші күнінде «Үздіксіз білім беру» тұжырымдамасы, «Мұсылманның әлеуметтік желіні қолдану әдебі», «Исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі» сынды құжаттар мен «Екпе егу үкімі», «Төлем карталарын қолдану үкімі», «Сақтандыру қызметі үкімі», «Баланы қамқорлыққа алу үкімі» секілді пәтуалар жобасы талқылануда.
Пәтуа мәтіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарында жарияланады.
Ұқсастар
- Екпе егу, сақтандыру полюсі үкімі: Атырауда Ғұламалар кеңесінің отырысы қорытындыланды Муфтият
- Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті Муфтият
- Ас беру мәдениеті талқыланады: Елордада Ғұламалар кеңесінің мәжілісі басталды Муфтият
- БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ – ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ Муфтият
- ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ XXIII ОТЫРЫСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ Муфтият