Бас мүфти: “Жұма намазын тоқтату бізге ауыр тиді”

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отандық телеарналарға берген сұхбатында осылай деді.
«Дін саласында қызмет етіп жүргенімізге жиырма жылдан асты. Жамағат тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, қажетті кезде пәтуасын да айттық. Алайда Ғұламалар кеңесінде жұма намазына қатысты пәтуа шығару оңай болмады. Дін саласындағы барша қызметкерлерге ауыр тиді.

Толығырақ

Атырауда облыстық “Иманғали” мешіті ұстаздарының онлайн дәрістерінің кестесі жарияланды

Атырауда орталық “Иманғали” мешіті ұстаздарының онлайн дәрістерінің кестесі шықты.
Бір аптаға түзілген дәріс Құран, Ахлақ, Сира тақырыптарын қамтыған. Ұстаздармен тікелей байланысқа

Толығырақ

ТАЗАЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

Атырау облысының мешіттерінде короновирус індетінен сақтану мақсатында сақтық шаралары қатаң қолға алынып, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Әлемнің жүздеген мемлекеттерінің тұрғындарына қауіп төндіріп, мыңдаған жандарды құрығына түсірген короновирустан сақтанудың жолы – тазалықты сақтап, адамдардың шоғырлануын болдырмау.


Толығырақ

Үндеуге үн қосқан

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға

Толығырақ

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіттерде жұма және бес уақыт намазды уақытша шектеу​ мәселесін​ түсіндірді

16 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.
​«Бұл жағдай елімізде, сонымен бірге, әлемде орын алған қауіпті ахуалға байланысты туындап отыр.

Толығырақ

Бас мүфти мұсылман қауымға Үндеу жариялады

16 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуі.
Қадірлі бауырлар!
Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылықтар мен

Толығырақ

ҚМДБ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемді шарпыған жұқпалы дертті пандемия деп жариялауына




Толығырақ

Атырау: Еламан Бегалиев Құрманғазы ауданының бас имамы болып тағайындалды

3 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Еламан Бегалиев  Құрманғазы ауданының бас имамы болып тағайындалды.
Жаңа имамды жұртшылыққа бүгін жұма намазы алдында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды.


Толығырақ

Жылыой ауданына жаңа бас имам тағайындалды


Бүгін Жылыой ауданының бас имамы тағайындалды. Енді «Жылыой мұсылмандар» аудандық орталық мешітіне Жасұлан Қағазғалиев басшылық етеді.Жаңа имамды Жылыой ауданына арнайы іс-сапармен барған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы жұма намазы алдында 

Толығырақ

Атырау: Бас имам мешіттерге байланысты тараған алып-қашпа әңгімеге түсінік берді

                                                                             12 наурыз, 2020 жыл. Интернет  желісінде кеңінен тарап кеткен «Коронавирус қаупіне байланысты, Қазақстанда мешіттерге баруға тыйым салынды» деген ақпаратқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы түсінік берді.
«Бұл негізсіз ақпарат. Мешіттер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Намаз бес уақыт оқылып жатыр.


Толығырақ