Аллаға иман келтірудің құндылығы







Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітіне "Жылыой мұсылмандары" мешітінің ұстазы Сүлейменов Дастан келіп, мешіт жастар секторының басшысы Қиқов Қуандық дастархан жайдыртып, Аллаға иман келтірудің құндылығы,Ақида,сенім мәселелерін,оларды дұрыс түсіну турасында жамағатты құнды уағызы мен сусындатып кетті .Намаз үйренгісі келіп жүрген Орынбай Шаңдыбайұлына Кәлима Шәһәдатты айттырып, құндылығын түсіндірді. Жамағаттың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мешіт имамы Жамбыл Демеуұлы,Дастан ұстаздың иығына шапан жауып,Құлымжан және қонақтарға сыйлықтар табыстады.