«Ислам - терроризмге қарсы дін»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында "Қапан қажы "мешітінің жамағаты жəне ауыл тұрғындарымен «Ислам - терроризмге қарсы дін» тақырыбында кездесу өтті. 
Аталмыш шараға, Жылой ауданлық Дін істері басқармасы,Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Есқайыров Асыланбек Таңатұлы мен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Беков Нұрсұлтан Сəдуұлы қатысты. 
Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығымен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Терроризмнің өріс алуы кез келген елдің әлеуметтік жағдайына қатысты емес. Ол- өне бойы жауыздыққа толы індет. Алайда терроризм және ислам бір-біріне түпкі тамырынан бастап қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын көрініс. Бүгінгі таңда халықаралық терроризм және діни экстремизм асыл дініміз исламға да залалын тигізуде. 
Ислам өнегесінің негіздері- бұл қайырымдылық, жомарттық, адамдарға ізгі ниеттілік кешірім және әділдік. Мұсылман ғұламалары беліне жарылғыш заттарды байлап, жазықсыз жандар арасында өзін-өзі жарып жіберетіндерді қатты айыптайды, өйткені Алла тағала өзін-өзі өлтіруге ашық тиым салған. 
Кездесу соңында "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш ұсыныстар айтып, ауыл тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.