16 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.
«Бұл жағдай елімізде, сонымен бірге, әлемде орын алған қауіпті ахуалға байланысты туындап отыр. Қазақта «Сақтансаң, сақтармын» деген керемет тәмсіл бар. Алла Тағала адам баласына оның өмірі мен денсаулығын аманат етіп тапсырған.
Қазіргі жағдайда мешіттерде жамағат болып намаз оқуға уақытша тоқтатылып отыр. Яғни, мешіттерде бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, бес уақыт намазды әркім өз үйінде оқығаны дұрыс.
Сол сияқты, жұма намазын да жамағат болып оқуға әзірге шектеу қойылып отыр. Бұл пәтуа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің бүгінгі отырысында қабылданды. Басты мақсатымыз — халық саулығын қамтамасыз ету» деп нақтылады өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Ұқсастар
- ҚМДБ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА Намаз
- Атырау: Бас имам мешіттерге байланысты тараған алып-қашпа әңгімеге түсінік берді Намаз
- Бас имам Қызылқоға сапарын Сағыз ауылында қорытындылады Жаңалықтар
- Бас имам Жылыой ауданының халқымен кездесіп, «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын таныстырды Жамағат