ЖҰМА КҮНІ ЗӘМ-ЗӘМ СУЫ ТАРАТЫЛДЫ

«Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Жамбыл қажы Демеуұлының ұйтқы болуымен, Бөлтеков Мұхаммед Мұратұлының атынан ұйымдастырылған бұл қайырымдылық шарасы Рамазан айының құрметіне арналды
Қасиетті Мекке шаһарынан алынған зәм-зәм суы және Ажуа құрмасы ауыл тұрғындарына  таратылды.
Рамазан айының құрметіне ауыз ашар қоржыны дайындалып, «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш оларға  Рамазан айының шарапатын жеткізді. Бас имам рахымы мол Рамазан айының құрметіне дендеріне саулық, дерттеріне шипа тілеп, бала-шағаларының көз қуанышы болуды Жаратушы Алладан дұға етті. 
Алла елшісінің (с.ғ.с): «Мұқтаждарға көмек беруші – Алла жолында күресу¬шілермен және күндіз ораза ұстап, түнімен намаз оқығанмен тең», – деген хадисі, мұсылман қауымын осындай сауапты амалдарды істеуге үндеген.Осы шарадан болған сауапты анасы Мұрат Зайыбы Мақпалдың рухтарына арнап құран бағыштады.
«Қапан қажы» мешітінің баспасөз қызметі, Жылыой ауданы.