Теріс діни ағымдар түсіндірілді

Алла тағаланың пендесіне берген ұлы нығметі тура жолына түсіруі. Өйткені Ол кімді қаласа тура жолға түсіреді, кімді қаласа адастырады. Алайда тәубе етіп, дұға жасаған құлына әрдайым мейірімді.  Ардақты Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арамыздан, санамыздан алыстаған сайын адасу мүмкіндігі жиілей түспек. Тіпті мұсылмандардың өзі 73 ағымға бөлінетін туралы бір хадисте айтылған.
Осы орайда Шоқпартоғай ауылдық «Қапан қажы» мешітінде теріс діни ағымдар жайлы түсіндіріліп, әһлі сүннет иелері туралы уағыз айтылды. Жиылған жамағатқа уағыз айтқан аулымыздың бас имамы Жамбыл Демеуұлы тақырып турасында тереңірек тоқталып, мысалдар келтірді. Жолданған сауалдарға жауап беріп, Алла тағаладан тура жолдан тайдырмауды сұрап дұға қылды.
«Қапан қажы»
мешітінің баспасөз қызметі