Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында мешіт ашылды

Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында ашылған мешіттің сыйымдылығы 200 орынға шақталған
Заман талаптарына толықтай жауап беретін мешіт ерлер және әйелдер залы, дәрісхана, Құран оқитын бөлме, асхана, таһаратханамен қамтамасыз етілген. 
Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, жергілікті ауыл тұрғындары жиналған іс-шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, Қосшағыл жұртшылығын мешіттің ашылуымен құттықтады.
«Мешіт – тәрбиенің ошағы. Азаны бар ауыл азбайды. Мешіт жастарымызды имандылыққа тәрбиелейтін, жұртшылықты ізгі істер жолында біріктіретін ордаға айналады деп сенемін» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешітті салуға демеушілік жасаған кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді.
Шара аясында Бас имам жұртшылыққа Қосшағыл ауылы мешітінің  имамын Теңелге шапан жауып,,сыйлықтар табысталды. 
Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш