«Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері»

«Жылыой орталық мұсылмандар» мешітінен бастама алған «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты іс-шара аясында «Қапан қажы» мешітінде алқалы жиын өтті.Жиынға Шоқпартоғай Ақсақалдар төрағасы Махамбетов Жеңіс , «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш, ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты қатысты.Жеңіс ағамыз сөз алып:- Жаназа мәселесіне келгенде, әр өңірде әртүрлі рәсімдер орындалып жүргені белгілі. Жаназа намазы – пенденің дүниедегі өзгелерден талап етер соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Қазіргі қоғам-дағы өзекті мәселені ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселелердің жөн-жосығын көрсетіп, нақтылы пікір, пәтуалы сөз жеткізуді жөн санады,- деді.
Жеңіс,Жауымбай,Сембай,Бағытжан ағаларымыз Қазахстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі Атырау облысына қарасты құдайы ас/садақа/ мәзірде көрсетілген әрбір мәселені мұқият зерттеп талқылады. Аудандық «Қапан қажы» мешітінің ресми сайтына, жергілікті БАҚ беттеріне жаназа және жерлеу рәсімдері бойынша түсіндірме жүргілетіндігін айтты. Ұсыныс жамағат тарапынан қолдауын тапты. "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен оныншы Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,Мәбдәтүл-Қираәт кітабынан сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін «Ислам Тарихы» кітәбынан дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және Жеңіс ағамазға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдіріп,жамағат атынан сыйлық табыстап, батасын алды."Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).