Рамазан: Жылыой мешіті 100 отбасына ауыз ашар үлестірді

                     Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой аудандық мешітінде 100 отбасына ауызашар асы таратылды.
“Қайырымдылық керуені” жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мұқтаж жандар қамтылды.
Рамазан қамқорлықтың, ізгіліктің айы. Ауыз ашар беру өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен  құрма ол болмаса сумен болсада ауыз ашар беру сауапқа кенелетін жақсы амал. Қасиетті айдағы ниетімізді Алла қабыл еткей. Жақсылық істерде жарысайық” дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.