Атырауға «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы мемлекет жəне қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов 26 миллион 450 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмек жөнелтті.

Атырауға «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы мемлекет жəне қоғам қайраткері  Иманғали Тасмағамбетов 26  миллион 450 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмек жөнелтті.
Бүгін «Жылыой мұсылмандары» мешітіне дәрі-дәрмек тиелген  көлік аудандарға жетті. 
Дәрілер Жылыой ауданы бойынша науқастанып, ем қабылдап жатқан  адамға еріктілер арқылы таратылады.
Ескерерлігі, дәрілер үй жағдайында ем алып жатқан науқастарға үлестіріледі. Қазіргі уақытта  амбулаторлық жағдайда ем алып жатқан тұрғындар үшін бұл үлкен демеу болары анық.
Дәрі-дәрмек дәрігер нұсқаулығына сай жазылған рецепт бойынша және алдын ала жазылған тізім бойынша таратылатын болады.
Айта кеткен жөн, дәрілер мешіттерде таратылмайды. Көрсетілген мекен-жайға “Иман жастары” еріктілері және жастар дәріні жеткізіп беретін болады.
” Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атымтай жомарт ағаларды қиын жағдайда көмек қолын созуға үндеген болатын. 
Осындай қиын қыстау кезінде еміне дауа іздеп,дәрі таба алмай қиналып жатқан Жылыой халқына тегін дәрі дәрмек үлестіруге ат салысқан Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев,мешіт қызметкерлеріне және еріктілер тобына, ауырып жатқан науқастарға еміне шипа болсын деп, істеген ізгі амалдарының сауабын қияметте алдарынан сауап болып шығуды Алла нәсіп етсін.