Атырау облысының Бас имамы мешіттердің ашылу тәртібі туралы айтты

31 тамыздан бастап, еліміздегі барлық мешіттер ашылады.
Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. “Яғни, мешіттерімізде бұрынғыша бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, намаз жамағатпен оқылмайды. Алла алдындағы құлшылықты мешітке келуші жамағат жекелей өтей алады. Сонымен бірге, мешіттерде неке қиылып, Құран оқыла береді.
Бастысы, санитарлық талаптар қатаң жағдайда сақталады. Басты талап – мешітке келуші әр адам маска киіп жүруі қажет” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, Атырау облысында 31 мешіт бар.