Ауыл мешіттеріне көмек көрсетілді

Алла қаласа 31тамыз мұсылмандар үшін үлкен қуанышты күн, өйткені көптен әлемді билеген жаман індеттің беті қайтып, қасиетті мешіттердің ашылатын күн. Санитарлық талаптарды сақтай отырып мешітке кіре беріске жайынды, антисептік және температура өлшейтін аппарат алдыртып дайындық шаралар толық"Қапан қажы"мешітінде аяқталды. Осы керек құрылғыларды, ауыл мешіттерінің жағдайын ескере отырып "Жылыой мұсылмандары" мешітінің бас имамы Жасулан Қағазғалиев сыйлық ретінде тату етті. Алла Жасулан имамның жұмысына береке, бірлік, ынтымақ тілей отырып, шыққан шығындарының еселеп қайтуын нәсіп етсін!