Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы

Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз. Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінің ұжымы және мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектерлің қолдауымен қайырымдылық іс-шара жүзеге асты. Іс-шара барысында 10 жағдайы төмен аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Шараның басты мақсаты Рамазан шарапатын сездіріп, аз қамтылған отбасыларға және мүкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.