«Майкөмген» мешіті






«Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет, Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев, ауыл имамдары, қажылар, бірқатар зиялы қауым өкілдері және жамағаттар қатысты» деп хабарлайды http://www.kapan-kazhi-meshiti.kz/
-Майкөмген ауылы іргесінен бой көтерген мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы болады деп сенемін. Халықтың мерейін үстем етіп, мешіт салуға қолдау көрсеткен барша азаматттарға алғыс айтамын,-деді Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет.
-Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық жағдай жасалуда осы күнімізге Аллаға сансыз шүкіршілік айтуымыз керек, – деген
 Құлшылық үйінің үш күмбезі, бір мұнарасы, әйелдер залы, имам бөлмесі және мешіт жанында тахаратхана орналасқан. Мешітке Дидар Сыздықов имам болып тағайындалып,қазір Ыбырашев Арман имамдық қызмет атқаруда..Алланың қалауымен 1928 жылдарға дейін Жылыойда 30 жуық мешіт болған. Өкінішке орай ол мешіттердің тарихы зерттелмей жатыр. Жанаш Нұрмахановтың жылой мешіттері мақаласын www.kapan-kashi-meshiti. kz caйтына жариалағанмын.
---