Игі достың қадірі







Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылына менің  Қазан шақарында бірге оқыған достарым Мұханғалиев Жасұлан,Иманғалиев  Ерлан  бауырларым келіп мешітте бірге ғибатта болып, Кенжебек Амандықтың, менің әкелеріммен Әз Наурыз мерекелерімен құттықтап, көрісіп, үйімде қонақ болды. Ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаху алейхи уәссәләм) бір хадистерінде айтылады екен, "кімді бұл дүниеде Алла разылығы үшін жақсы көрсең, о дүниеде Жәннатта сонымен бірге болады екенсің". Бұл дүниеде шынайы түрде жүрегіңмен Алла ризалығы үшін жақсы көретін жандар санаулы-ақ. Сол санаулы абзал жандардың өміріме септігі мол тиді. Алланың қалауымен және әлі де болса жақсылықтары тиіп жатыр. Өмірде боп жатқан жайттар, кездесулер, бұның барлығы кездейсоқ емес, белгілі бір себебі бар. Тағдырға сенген жан еш уақытта өмірінде болып жатқан жайттарды кездейсоқ деп қабыл алмайды, барлығы Алланың қалауымен, маңдайына жазылған тағдыры деп қабыл алады. Алла Тағала да маған осындай абзал жандарды тегін жібермегені анық. Бірі өміріме деген көз қарасты өзгертсе, бірі білімге деген құштарлықты оятты. Ал енді парасатымен, өмірлік тәжірбиесі бар жандардың бірі, ақылымен бөліседі. Асылында, ең жақсы дос ол саған Раббыңды еске түсіретін жан болып есептеледі. Таныс көп, дос аз деп айтқандай, санаулы ғана достың қадірін білу үлкен жауапкершілік. 
Раббым баршасына екі дүние бақытын бергей. Жәннаттың төрінен орын нәсіп қылғай. Қиямет күні Өз рахымына және Пайғамбарымыздың (саллаллаху алейхи уәссәләм) шапағатына бөленуді нәсіп еткей! 
Адамға ең алдымен ақыл керек, 
Әрі кетсе иман керек, 
Сон соң адал дос керек. 
Көңіліңді ашып, сергітері анық-ақ, 
Жақсы бол, 
Қадірлі бол, 
Білімді бол деп айтады ақылды ол. 
Адамның қандай екенін сұрасаң, мен айтайын, 
Адамның досы қандай болса, өзі де сондай болғаны. 
Қадір тұт игі досты, жетелейді ол сені жақсылыққа!