"Қапан қажы"мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Жылыой ауданды,Шоқпартоғай ауылы "Қапан қажы" мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Шара аясында 2 ауырып жатқан мұқтаж отбасы бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
“Мешітімізде мұқтаж отбасылардың тізімі бекітілген. Тізім әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, асыраушысыз қалған және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтиды-деді " Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы.