Елімізде жеті шәкірт Бас мүфти грантын иеленді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейге сапарында бірқатар қайырымдылық шарасын өткізді.
Игі бастамаға қолдау білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі мешіттерде білім алып жүрген балаларға сый-сияпат табыстады. Оның ішінде 7 балаға Бас мүфти гранты берілді.
Грант иелері енді еліміздің әр түкпіріндегі айтулы медреселерде өз білімін шыңдайды.