Жастарымызды қайтсек олардың құрығынан аман сақтап қала аламыз?




Жастарымызды қайтсек олардың құрығынан аман сақтап қала аламыз? 
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітіне, Махамбет ауданы ның бас имамы Иманғалиев Ержан Насихат ұлы келіп Құптан намазында жамағатымызға, Жастарымыздың жат ағымдардың құрамына кетулерінің себептері көп екенін, әрине. Діни білімсіздік, дұрыс діни ақпараттың болмауы, дінді сенімді қайнарлардан үйренбеу сынды маңызды қоғамдық-теологиялық факторлармен қатар, жеке бастың факторы, әлеуметтік жағдайлар да әсер етуі мүмкін екенін айта келіп. 
Жат ағым бактерия, вирус сияқты. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерде өркен жаяды. Сондықтан да, әрбір азамат өзі дұрыс діни ақпараттармен өзінің имани иммунитетін күшейтіп, өзіне рухани сүзгі қалыптастырса, дінді сенімді қайнарлардан үйреніп, дұрыс ақпараттармен сусындаса, одан сақтануға болады деді. 
Дін өз бетімен үйренетін құндылық емес. Бұл сөзіміз дін қолжетімсіз дүние дегенді білдірмейді. Керісінше, мешіттерден, арнайы ұстаздардан үйренсе – дін жеңіл болумен қатар, сенімді құндылыққа айналады. 
Қала берді, сан ғасыр бойы ешбір діни алауыздыққа бой алдырмаған балаларымыздың тарихи тәжірибесін жаңғыртуымыз қажет екенін айтты.