Оразаны қандай жағдайда тоқтатуға рұқсат?

Оразаны қандай жағдайда тоқтатуға рұқсат?

Ауыл тұрғындары және жамағат тарапынан әлі де болса оразаға қатысты сұрақтар келіп жатыр. Сол себептен төмендегі материалды ұсынып отырмын. Өзіңізге сақтап алып, тарата жүрсеңіз болады:

▫️Кімде-кімнің Рамазан айында төмендегідей жағдайлары болса, ораза ұстамаса болады немесе бастаған оразасын бұза алады:

▫️Ауру адам ораза ұстаған жағдайда ауруының ұзақ созылып кетуінен қорықса, ораза ұстамаса болады. Денсаулығы жақсарғаннан кейін ұстамаған оразаларының қазасын ұстайды.

▫️Рамазанда ең аз дегенде 90 км қашықтыққа сапарға шыққан адам ораза ұстамаса болады. Сапар аяқталысымен оразаларының қазасын ұстайды.

▫️Аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел кісі ораза ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен қорықса, ораза ұстамаса болады. Осы жағдайлар аяқталғаннан кейін ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді.

▫️Ораза ұстаған адам аштық немесе шөл себебінен ақыл-есінен айырылып қалудан немесе денсаулығына зақым келуінен қорықса, оразасын бұзуына болады. Кейін қазасын ұстайды.

▫️Денесі күннен күнге шөгіп қуаты қайтқан, оразаға шыдай алмайтындай әбден қартайған адам ораза ұстамаса болады. Мұндай адамдар кейін де оразасының қазаларын ұстай алмайтындықтан әр күннің оразасының орнына фидия береді.

Құрметпен, Жамбыл Демеуұлы.