№3 мектепті бітірген 40 жылдықтар

Бүгін қасиетті Ораза айт күні Шоқпартоғай ауылындағы №3 мектепті бітірген 40 жылдықтар "Қапан қажы " мешітінде бұл дүниямен қоштасқан ұстаздары мен сыныптастарына Құран оқытып, бір қой құрбандық шалды. Алла қайтыс болған ұстаздары мен сыныптастарының жандарын Жәннаттық етсін деп Жамбыл қажы имам дұға жасады.