Атырау облысы,Жылыой ауданы,Қара арна ауылдық округінің әкім лауазымына үміткермен кездесу өтті.




Атырау облысы,Жылыой ауданы,Қара арна ауылдық округінің әкім лауазымына үміткермен кездесу өтті.
Жайық Иманбаев Атырау облысы,Жылыой ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген екен.Халықаралық құқық және нарық академиясының «Заңгер» мамандығын бітірген.Әр түрлі заң құрылымдарында сот приставы,прокурор көмекшісі,заңгер болып қызмет атқарған.Халыққа заң тұрғысында көмектесетінін,жұмысына бағдар болған әділдік,адалдық,ұқыптылық қасиеттерін ауылдық округ әкімі қызметінде де өз септігін тигізеді деп сендірді.Үйленген 7 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасының отағасы екен.Жиналған ауыл тұрғындары Сәндібек Мұратұлы,т.б. өз сауалдарын қойып,көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, « Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы батасын берді.