Сұпы ата мешіті




КІРІСПЕ СӨЗ
Халықты рухани тәрбиелеу ежелден келе жатқан үрдіс жолда діннің өнегелі қағидаларын да пайдалана білген. Дін шариғатын үйретуде мешіттер үлкен роль атқарған. Өлкеміздегі дін таралымын зерттей жүргенде Жылыой жерінде алғашқы мешіттердің бірі 1648-1928 жылғы Тойсары мешіті болса керек. Қазір ол мешітті Сұпы Ата мешіті деп атайды. Ескі Жылыой кентінен Атырауға қарай жүргендегі ең шеткі Ботақан мешіті. Жаршықта Жалпақшағылдың Атырау бетіндегі құлауында таздарға ортақ мешіт болды. Мешітте бала оқытылды. Мешітті Рахметахун басқарғаны белгілі. 20-жылдардың ортасында Шошқалыда ойшы таз мешіт тұрғызды. Дінге басталған қысымның салдарынан мешіт пайдаланбастан қалды. Мешіт біразға дейін тұрған. Өнеркәсіптің кейіннен аудан орталығы болған ескі Жылыой кентінде ертеден екі мешіт жұмыс істеді. Қазақ мешіт Жастабан таз Есмағанбет Аңсатбайұлы ахун басқарды, ал татар мешітінің азаншысы Ақжігітов Ибрахим еді. Жемді Жоғары өрлей жүргенде Арықкөлде Тұшмұхамбет атты Қаракемпір шеркештердің мешіті болды. Бір жыл жұмыс істеген бұл мешіт үйі көктемгі су тасқыны кезінде құлап, ол қайтадан көтерілген жоқ. Айранкөлде 20-жылдар аяғында мешіт салынып, онда алғаш латын әрпімен оқу оқытылған, бірақ бұл мешіт көпке созылған жоқ. 30-шы жыл басталмай жатып қайта құлатылды. Бұл мешітті Нығымет Ермұханбетұлы басқарған еді. Алаша ауылы Қызылкөл биегінде мешіт ұстады. Бұл мешітті «Қосжан» мешіті деуші еді. Жұрттың айтуынша қазірет атағы бар Қосжан Төлегенұлы мешітті едәуір ұстап тұрса керек. Дошет сияқты молдалар мешіт жұмысын басқарған, онда ағайынды Ермағанбет сияқты адамдар қызмет еткен. Жем өзенінің содан кейінгі иінінде Жәреке мешіті болған. Бұл Кәтеней Қасымның рухани үйі болды. Мешітті хазірет Жармұханбет Қалманұлы басқарды. Кейіннен Жәрекеұлы соғыс және еңбек ардагері Нұржау (Нұрмағанбет) молдалықпен айналысты. Ащыкөл жерінде алаша руының Бисенбай ахун Қожахметұлы қызмет еткен мешіті болған. Мешіт 20-шы жылдар аяғына дейін жұмыс атқарған. Қарабала (Әбдірахим) Бисенбайұлы да діни қызметпен айналысқан. Бұрынғы «Ембі» кеңшарының қазіргі Тұрғызба ауылының ортасына жақын Күмтоғай Аққудың жерінде Қауан Білменбетұлының мешіті болды. Жемнің қысқа тарауы жылысқа жуық жерде иман Ермұханбет Иманұлының мешіті болды. Бұл мешіт Жанғабыл Қосымдікі еді. Білім жолында жүріп 38 жасында Үргеніш жерінде қалған (көне үргеніштен 50 шақырым) имам сол жасының ішінде ел құрметіне бөленген адам болыпты. Бұл мешіт осы күнге дейін «Еркебай мешіті» атанады. Имам Әби Өтеумағанбетұлы Жем бойы адайлардың біраз ауылын қамтитын мешітке ие болды. Ал бұл жерде Адайдың негізгі бір тарауынан Қосай, екінші тарауынан Жеменей, Тобыш, Мұңал рулары ғана қоныстанған. «Әби мешіті» Ақтайлақтағы Қоскөлде болды. Уықпай жерінде Шарға таздардың мешіті болған. Бұл мешітті көп жыл Ақсерке шарға Аймұрат ахун Жайықұлы басқарды. Бұл мешіттің беделі едәуір болғанға ұқсайды. Жемнің Құлсары кенті тұсындағы қазіргі көпірінің батыс бетінде өзен бойындағы биікте «Дүйсеке мешіті» тұр. 19-ғасырдың соңғы он жылында салынған. Мешітте Дүйсенбай Қажы Дәбіғұлұлы бас имамдық атқарған, кейін мұны оның ұлы Нәби жалғастырған болатын. Жемнің Жылыой жеріндегі орта тұсында Жетіқара таздардың «Қарағай мешіті» бар. Шамасы мешіт ағаштан қиып жасалса керек. Мешіт иманы Тәңірберген Наурызәліұлы болғаны белгілі. Жылыойдың Жем өзені бойындағы Мырзағұл атаның қолдауымен шамамен 1775-жылдары салдырған «Ақмешіт». Кейін баласы Бекет әулие ұстап ұстаздық етеді. Ел аңыздарында бұл кісі – әулие, батыр, көріпкел, дін иесі. Халық сыйлаған Бекет (Баймағанбет) Мырзағұл ұлының Жылыой жерінде қазіргі Ақмешіт төңірегінде дүниеге келген. Бекеттің әкесі Мырзақұл, шешесі Жәмия, ұлы Тоғай, атасы Жаналы осында жерленген. Бұл мешіттің қанша жыл жұмыс сітегені белгісіз. Бекеттің өзінің Баялыда, Ақмешітте, Бейнеу ауданы жеріндегі Оғыландыда діни қызмет нүктелерін ұйымдастырғаны белгілі. Қазір сол орынға аудан еңбеккерлері –адам түнейтін, паналайтын, демалатын, құлшылық ететін орындар, қосымша үйлер тұрғызды. Қарақұмның Аққудығында Бегімбет адайдың Қосжан ұстаған мешіті болды. Қосжан – ақын да болған адам екен, мешіт кеңес дәуіріне дейін келген. Құмның Қарашүңгілінде Ақбота адайдың Балмұханбет имам бастаған Шонғараұлы мешіті болды. Содан әрі қарай, Дүйсенбай ахун Бектұрұлының тау бауыры Қосақырда Кенже адай Әбдірахман мешіттері болды. Ақбота адайлардың Борқұдықта «Сарықасқа» атанған Төлегеннің Ерсары мешіті, ескі Прорвада Ермағамбет (Мәмбетәлі – Сүйішбек) мешіті жұмыс істеді. Мешіттер, дін иелері өз әлінше дүние танылымына, біліміне, өмір тәжірибесіне қарай халыққа қызмет етті. 20-жылдардың аяғында мешіттер қиратылып, дін адамдарды жаппай қудаланды, сотталды, атылды. Мешіт ұстамағандар да, жай намаз оқыған діндер адамдардың балалары да зәбір көрді, оқудан шығарылды, жұмыс орнынан алынды. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан соң өз елімізге, жеріміздің тарихына көңіл аудара бастадық. Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жыл «Ұлттық тарихи жыл» - деп атауының,өзі халық санасын қозғап, өзіміздің ата-бабаларымыздың ескеріп, ескерткіштер орнатыла бастады. Жоғарыда айтылған Жылыой мешіттерінің бірде-бірі осы күнге дейін зерттелмеген. Тойсары ата мешітін зерттей келе құрметті оқырман қауымға мешіттің өмір тарихын ұсынғалы отырмыз.
ҚАСИЕТТІ МЕШІТІ
Он екі Байұлының Таз баласынан Абай мен Қабай тарады. Абайдан Жастабан және Шарға, Жастабаннан Байсары, Тайсары, Қайсары дүниеге келеді.
Тайсары ата 1622 жылы дүниеге келді, он екі жасында Құран кітап оқып білген, он сегіз жасында Арабияға барып, жан-жақты дәріс алады.
1648 жылы Атырау облысы Жылыой өңіріндегі, Қарашада мешіт салдырып, балалар оқытып хат танытқан.
Атамыз сары, көк көзді, бойы екі метрдей бойшаң кісі болған. Салдырған мешіті өте биік, әсем күмбезді аласалау, азан шақыратын жерінде айналып шығатын лешін болған. Мешіттің екі жанында үш-үштен терезе болған, құбыла жақбетінде есігі және бір үлкен терезесі болған үстінде жарық түсетін үш тесік болған, ұзындығы 70 см, ені 65см. Терезенің әйнектері әртүрлі өрнектермен, бояулармен әшекейленген.
Тойсары атамыздың үш әйелі болған, 1648 жылы атамыз мешітте балалар оқытып жүрген кезі болатын, алыстан екі жолаушы келіп жолығады «біздер адасып келе жатырмыз, еліміз, жеріміз қай жақта»-деп, жөн сұрайды.
Тойсары ата сонда «сендер адасып жүрген орта жүздің балаларысыңдар, осы мешіттің әсемдігін, ішкі құрылысын көрейін деп және мені сынауға келдіңдер»-деген екен. Сонда үлкені тұрып менің есімім – Қабыл, 20 жастамын, мына қасымдағы інім  - Сағым, 18 жаста, біздер құр емес едік, осында әсем мешіт бар, сонда көріпкел, қасиетті кісі, балалар оқытып, хат танытып жүргеніңізді біліп, сізге жолығуға келдік деген екен. Ата ойланып тұрып, сендердің көріпкелдік, тапқырлық қасиеттерің жас кездеріңнен бар екен, інің 8 жасында ол саған 10 жаста бұл қасиет қонған екен. Сендер осы киелі қасиеттерің күшейіп, көріпкел боласыңдар деген екен. Қазір мешітке барып екеуің де менің қасыма отырып балдарға құран кітап жазғызасыңдар деп мешітке кіріп, бір үлкен құран кітапты Қабылдың алдына қойды. Сонда Қабыл «Біссімілләһир рахманнир рахим»-деп құран кітапты сол қолымен алып, молдасын құрып, құран кітаптың бірінші бетін балдарға үйрете бастайды. Қабыл он бет оқып болғасын, інісі Сағымға берген екен. Сағым да молдасын құрып қойып құран кітаптың ішіндегі сөйлем, сөздерді балдарға дауыстап, мәнерлеп оқытқан, Сағым да он бет оқығаннан кейін, атамыз жарайды орта жүздің балдары, сендердің ауылдарыңда мешіт бар екен, онда балдар оқытатынына көзім жетті,  - деген екен.
Қабыл сонда ойланып отырып: Көріпкелдігіңізді көрсетіңізші,-депті. Атамыз отырып «ау кешке үш-төрт адам келеді, соның ішіндегі біреуі ауырады»-деген екен. Сонда тағы басқа оқуын оқып, құран кітабын алып жіберіп дауыстап, мәнерлеп оқығанда атамыздың білімділігіне, өткірлігіне, көріпкелдік қасиетіне көздері жеткен екеуі қасиетіңізді көрдік, қасиетіңізге бас иеміз деп, бастарын иіпті. Кешке қарай күн қызарып бара жатқанда төрт жолаушы аттарынан түсіп, атамыз отырған жерге келіп сәлем беріп, арамызда бір кісі қатты ауырып, сізге келдік деген екен. (Осыны көрген Қабыл мен Сағым атаның көріпкелдігіне сөзсіз сенген екен). Тойсары ата науқас адамның ауруын айтпай-ақ, бәрін дәлме-дәл айтып берген. Ауырып келген адам бәрін  растаған екен.Келген қонақтардың бәріне ас-дәм беріп түнеткен, науқасқа ем-домын жасап, атамыз таңда аяғынан тұрғызып, өзің жүріп кетесің деген екен.
Атамыз таң намазын оқып болғаннан кейін келген жолаушыларды тұрғызып, оразасын аштырып күн шықпай тұрып, жолға шығарып жіберген. Ауру адам құлан таза жазылып, атаға рахметін айтып, атына өзі отырып жол жүріп кеткен.
Содан Қабыл мен Сағым да атаның тегін адам еместігін, оқуы терең кісі екенін біліп, Тойсары ата, біздер сіздің күшіңізді білдік, біздерде жол жүреміз, мешіттің көркемдігін, әсемдігін елге жеткіземіз деп жол жүріп кеткен. Тойсары ата 35 жасында қол жинап өзінің батырлығымен еліне қарсы келген Жоңғар, Түркімен жауларына әртүрлі қасиеттерімен соққы беріп отырған.
Бір күні Тойсары ата баласы Сүйірбасты шақырып алып былай деген екен, «балам енді өмірімді жалғастыратын сенсің, мешітті, Құран кітаптарымды және басқа да құралдарымды иеленіп қалатын сенсің, сен бірталай оқуды үйрендің, аздап қасиет көріпкелдікті де білесің»-деп баласына айтқан екен.
Баласы Сүйірбас: «Әке, енді сіздің өміріңізді Алла тағалаға деген сеніміңізді және басқа ақиқат шындық, шариғатты айтқаныңызды жалғастырамын»-дейді.
Тойсары ата 40 жасында өзіне, еліне қарама-қарсы келген жоңғарды көздеріне көрінбей оларды қырып тастап отырған, атамыз әртүрлі құбылыстарға айналып, жоңғарлардың зәрелерін ұшырып, қорқытан.
Ата 50 жасқа толғанда, оның жеңілмейтінін білген жоңғарлардың басшысы сұм ойларға көшіп былай деген екен: бес-алтауың тығылып далада жатыңдар, бұл адам әбден шайқасып болғаннан кейін күн қызара бергенде құбылаға қарап намаз оқиды, сол жерде ұстаймыз,-дейді.
Атамыз қасындағы бес-алты адамдарымен қарама-қарсы келген жауларды қырып тастап,бәрін елдеріне жіберіп «Мен осы жерден намазымды оқып болған соң барамын»-деп күн қызара бергенде тізерлеп отырып намазын оқи берген, сол кезде далада қалған жаулар атамызды қылыштарымен шапқылай бастаған, қаны жерге сорғалап ағып жатса да намазын бұзбай оқи берген, намазын оқып болғаннан кейін «О, жаратушы, бір Алла, О ата-бабалардың аруағы»-деп ұшып-тұрып қылышын қолына алып алдындағы үш жоңғарды шауып өлтірген. Артына қарап ақырған кезінде, атамыз үш жоңғардың көзіне айдаһар болып көрінген. Зәресі ұшқан жоңғарлар, қаша жөнелген басшыларының алдына келген үш жоңғар дірілдеп, сол жерде сөздерін айта алмай жан тапсырған. Сүйірбас әкесіне бір қатер болғанын біліп келсе, өліп жатқанын көріп, әкесін арулап жерлейді. Сөйтіп Сүйірбас әкесі Тойсарының батырлығын, қасиеттілігін және де басқа да тапқырлықтарын жалғастырып, оның батырлығы, әкесінікіндей болған екен.
Сүйірбас атаның денесі өте ірі, бойы 2 метрден асатын, Тойсары атаның өзі сияқты бойшаң кісі болған, 18 жасынан бастап жоңғар, түркімен елдерінің шапқыншылықтарына қарсы күрескен Құран кітапты оқыған мезгілде үлкен сайды суға толтырып жібереді екен, айқайлап жауға шыққанда, денесіне садақтың атқан оғы дарымайтын болған. Бір күні бірнеше Түркімендердің қолы келіп, Сүйірбас ата оларға қарсы шығып өзінің жылдамдығымен, найзасымен түйреп лақтыра берген, содан түркімендерді сайға тығып, оқуын оқып қатты ақырып жіберіп, өзі жоқ болып кетіп, төбенің басында отырады екен, сайда қалған түркімендерді сайды сумен толтырып, бір қалың қолды суға батырып жіберген. Біраздан соң суды жоққылып, өлгендердің қару жарақтарын жинап алып, еліне әкеліп, қолына қару ұстай алатын адамдарды жинап, оларға соғыс қимылдарын, қасиеті бар адамдарға оқу оқытып, әртүрлі құбылыстарға енетінін айтып үйреткен.
Атаның үйреткен соғыс қимылдарын, қасиет оқуларын жетік меңгерген елу адам «Біз енді ештеңеден қорықпаймыз, елімізді, жерімізді, суымызды қорғаймыз, қарсы келген жауларды таптаймыз»-деп анттарын берген екен, атамыз осы мезгілде 26 жаста болған.
Қасиетті, шариғи білімі күшейген үстіне күшейе түскен.
Атамыз бір күні қасына үйреткен 50 адамды жинап «ал енді біздің жерге 2000 қол түркімендер келе жатыр, соларға қарсы соққы береміз, өздеріңе үйреткен әдіс, қасиеттерді көрсетіңдер, жаулар қашатын болсын»-деген екен. Бес шақырым шығып, жауды алдарынан күткен. Кек аламыз деп келе жатқан 2000 қол, 50 адамның алдарынан күтіп тұрғанын көріп, бәрі күліп менсінбей, айқайлап басшысы алға шығып, «басшыларыңды шақырыңдар, жекпе-жекшығамыз»-деген екен.
Сүйірбас ата 2 метр бойымен ортаға шығып, түркімендердің ең күшті батырымен жекпе-жекке шығады.
Түркімен батыры айқайлағанда 10-15 м биіктікте көтеріліп атаға шүйіле түседі.
Атамыз айқайлап ақырып,  түркіменнің көзіне айдаһар болып көрінеді, түркімен батыры зәресі ұшып тұра қалады.
Атамыз оны найзасымен түйреп алып, әскерлерінің алдына лақтырып жіберіп, қарап тұрған 50 адамына; мыналарды өз әдістеріңді, қасиеттеріңмен қырып жойыңдар!-деп айқайлап айтады, содан олар түрлі құбылыстарға айналып, түркімендерді шетінен қыра бастаған өздерінің жеңілетінін білген түркімендер зәрелері ұшып, жерге жата қалған. Атамыз ішінен төрт-бесеуін желкеліренін ұстап, алып, төбенің басына апарып қасындағы адамдарына тапсырып, қалған жауды сол жатқан жерінде сайға су толтырып бәрін қырып тастаған. Төбеден қарап тұрған олар зәрелері ұшып тұрған кезде, атамыз «Қазір өліктеріңді көресіңдер, көздеріңді жұмып тұрыңдар!»-деп, сайдағы суды қайтадан жоқ қылып, «Көздеріңді ашыңдар!»-деп ата бұйырғанда, көздерін ашып сайға қараса, қырылып жатқан адамдарын көріп, одан сайын дірілдеп қорыққан.
Сүйірбас ата бес түркіменге «қазір елдеріңе кетесіңдер, елдеріңе менен сәлем айтып барыңдар»деп, аттарына теріс отырғызып «енді біздің елге аяқтарыңды баспаңдар, келетін болсаңдар, бірде-бір адам тірі қалмайды, біз өзіміз барып елдеріңді жаулап аламыз»-деген екен ата. Түркімендер елдеріне келіп, біздің атамыздың өжеттелігін, батырлығын, 50 шақты адаммен, қалың қолды қырғандарын, түркімен басшыларына баян еткенде, басшылары орнына, өзінің үлкен ұлын қалдырып тағы да 3000 қол жинап, әскерлерімен қайтадан, атамыздың аулына келеді, атамыз бұл кезде 35 жаста болатын. Олардың тағы қалың қолмен келетінін біліп, 50 адамның ішінен, әртүрлі әдістерді жетік меңгерген 20 адамды алып, Аллаға сиынып ауылдарынан 5-6 шақырым жерге шығып алдарынан тағы күтіп тұрған. Содан 20 адам өзімен бірге ұзына бойы тұрып, бәрі бірдей ақырып айқайлап ақырғанда, жоқ болып кететін болған. Бұны көріп тұрған жаулардың басшысы, бұлардың қасиеттеріне түсінбей әскерлерін кейін шегіндіріп тұрғызып қойған.
Сүйірбас ата олардың көзіне көрінбей келіп, басшысының артынан найзасымен түртіп, артыңа қара деп айқайлаған. Түркімен басшысы артына қарап атамызды үш адам болып көрініп тұрғанын біліп, айқайлап қылышын сермеп қалғанда үш кісі жоғалып кетіп, басшысы бұл не?-деп жан-жағына қарай берген, атамыздың қасында тұрғанын байқамаған. Атамыз оның иығына мініп алып, жүгірсе де түспеген, әскеріне жақындай бергенде Сүйірбас ата түсіп, найзасымен түйреп алып, әскерінің алдына лақтырып тастаған, әскерлерінің алдына түскен басшысы орнынан бір көтеріліп қарама-қарсы шығыңдар дегенде, сол жерде жан тапсырған түркімен әскерлері атамызға садақтап оқ жаудыртқан, ата қаттырақ ақырып жібергенде, оқтары атаға жетпей жерге қадалған. Осыдан кейін өзі төбенің басында тұрып, мына түркімендердің көздерін жоқ қылыңдар деп қатты айқайлап ақырған, сонда жаудың көзіне 50 қол 5000 қол болып көрінген, бұны көрген олар зәрелері ұшып қаша жөнелген. Аттарына қуып жетіп бір-бірлеп шеттерінен қыра берген, сөйтіп түркімендерді жеңіп елдеріне оралады.
Содан атамыз қалған өмірін мешітте балалар оқытуымен жалғастырады, 50 адам Таз, Адай, Қосым, Алаша, Әлім руларынан болған. Бір Аллаға сиынып әрбір рудың батырларымен бірге болып, жүріп Айдар баласына түрлі-түрлі дін оқуларын оқытып, оған садақ атуды, қылыштасуды, қасиеттерін көрсетіп үйреткен. Атамыз 50 жастан асқан шағында Айдар баласы 25жаста болатын.
Бір күні атамыздың аулынан 4-5 жоңғар өтірік жолаушы болып киініп келіпті, бұлардың кім екендерін, қандай оймен келгендерін білген атамыз, қадірлеместен, сендер жоңғардан келген адамсыңдар, менің әкем Тойсарыны намаз оқып отырған жерінде өлтіргенсіңдер, енді мені өлтірейін деп келгендеріңді біліп отырмын, деген бұл әңгімені естіп отырған Айдар баласы қаһарланып орнынан ұшып тұрып, қастарына келіп «қазір бәріңізді де найзамен түйреп өлітірп, аттарыңа өңгеріп елдеріңе жіберем, егер де сендер осы келгендеріңді қоймасаңдар бір тайпа елдеріңді басып алам» - деген екен. Сүйірбас ата елдеріңе сәлем айтып барыңдар деп оларға тиіспей елдеріне қоя берген. Олар елдеріне келіп Сүйірбас атаның сәлемдемесін жеткізеді. Бұны естіген жоңғар басшысы сасып, тағы алдап соқпақ болып өздерінің ішіндегі сенімді 2 қызды жібермекші болған. Білмесін деген оймен алдымен 2 қызды жіберіп, өтірік артынан 3 жоңғарды жіберіп, өтірік қуып Сүйірбас атамыздың еліне жақындай бергенде, атаның адамдары 3 жоңғарды өлтіріп, 2 қызды құтқарып алады. Атамыздың алдына алып келіп болған жағдайды баян етеді. 2 қыздың сұлулығын көрген атамыз «Иә сендерді жоңғарлар неге қуды?»-деп сұрайды, 2 қыз біз жоңғарларды жол жөнекей кездесіп, қорқып қаша жөнелдік, негізгі біздер Өзбекстаннан келе жатыр едік, сіздер болмағанда, өлігіміз ит пен құсқа жем болатын еді деп, еңкілдеп қайта-қайта жылайды. Оларды тамақтап, тынықтырып болғаннан кейін жөн сұрайды, сонда 2 қыз біз тонау Өзбекстаннан, сіздерге дін оқуын оқуға келе жатқан жерімізден жоңғарларға тап болып, сендердің адамдарыңыз құтқарып алды. Атамыз бұлардың сұлулықтарына таңқалып, қасындағы адамдарына, екеуін әйелдерге апарып қосып, әйелдермен бірге дін оқуына рұқсат берген. Екеуі жарты жыл оқығаннан кейін, біздің аталарымыз әбден сенгендігін біліп, атамыздың алдына келіп, қасына өтірік жақындап, алдына өтірік билеп, өздерінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп олар өзбек өлеңдерін айтып атамыздың қасына әбден жақындағаннан кейін, орталарына алып ұйықтатып тастаған. Есін жиып атамыз орнынан тұрып қасына қараса, 2 сұлу қыздың ортасында жатқанын білген. Әбден атамыздың сеніміне кіріп алған екеуі өздері сусын, тамақ әкеліп беретін болған. Атамыз 56 жасқа толған шағында 2 сұлу қыз әбден сенгендігін біліп, атамыздың сусын ішетін құмырасына өздерінің тығып әкелген уларын ішіне салып жібереді. Ата кешкі намазын оқып болғаннан кейін, орнына келіп екеуіне сусын әкеліңдер деп бұйырады. Біреуі қасында қалып, екіншісі у қосылған құмыраны әкеліп береді. Ата ішіп болғаннын кейін, біртүрлі тұла бойы бірдеңе тұншықтырып бара жатқанын сезген. Содан екеуі атамызды сипалап не болды саған деп өтірік аймалай берген. 2 қыздың тегін келмегенін білген атамыз орнынан  ақырып тұрып екеуін екі жағына ұрып жығып, бақырып қоя берген. Сол кезде баласы Айдар жетіп келіп, «Ата өңіңізге не болды, бұзылып кетті ғой» деп айқайлап жіберген. Қолымен 2 сұлу қызды көрсетіп, атамыз тұрған жерінде сылық ете түскен. Айдар қаһарланып 2 сұлу қызды желкесінен ұстап алып, қазір осы жерде өлтіремін, не істедіңдер дегенде, олар жоңғар басшыларының осылай жібергендігін айтқан. Екі қызды қапшыққа салып, алдарына өңгеріп алып Айдар қасына қасиетті 40 шақты адамдарымен жоңғарлардың аз ғана тайпасына келіп, жоңғардың жіберген екі қызды алдарына лақтырып тастайды. 40 шақты қасиетті адамдар бәрі қосылып айқалағанда жоқ болып 2-3 км жерден көрініп кетіп бара жатқандарын көрген жоңғарлар арттарынан қуа жөнеледі. Аталарымыз аттарының басын бұрып қарсы шабады, Айдар әкесінің, атасынан үйренген оқуын оқыған кезде 40 қол жоңғарлардың көзіне 40000 қол болып көрінген. Бұндай сұмдық қалың қолды көрген жоңғарлар елдеріне қарай қаша жөнеледі, арттарынан барып қуып жетіп, бәрін қырып, аз ғана тайпаларын шауып, елдеріне оралады. Сүйірбас атаны Тойсары атаның қасына жерлейді. Айдар ата өзінің халқына үстемдік жүргізіп ақиқатты айтып, мешітте балаларды оқытып әкесінің өмірін жалғастырған. Айдар ата өзінің батырлығымен, өжеттелігімен, қасиет, күштілігімен танылып, халықты артына ертіп оқуын оқытып отырған. Айдар ата орта жүз, ұлы жүз батырларымен кездесіп олармен байланыс жасап жүрген өзінің жерінен шыққан батырларға атқа қонуды, қылыштасуды әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйреткен. Айдар ата бір күні Түркімендердің қол жинап еліне келетінін біліп, қасындағы 50 шақты батырларды жианп «ал енді біздің жерге түркімендер келмекші», өздеріңнің жерлеріңді оларға таптатпай, үйреткен тәсілдеріңмен шайқасыңдар деген екен. Қасындағы 5 адам, біз барлық қасиеттерді үйрендік, енді ешкімнен қорықпаймыз дейді.
Ата қасындағы батырларымен елінен 10 км шығып жауды алдынан күтеді. Таң ата намаздарын оқып болғаннан кейін, алыстан үлкен шаң көрінеді. Айдар ата қатты дауыстап қазір жауға қарсы шабамыз,  деп айқайлайды. Түркімендердің 5000 қол жинап келе жатқанын айтып, 300 м қалғанда ішінен 6 адам үйренген оқуларын оқып, ақырып қарсы шапқанда 6000 қол болып көрінеді, түркімендер қатты сасып 6000 қолға қарсы садақтарымен ата бастайды, атқан оқтары дарымайды. 1000 шақты жаяу әскерлерін қырып, қайта оралады. Айдар ата енді үшеуің 3000 қол болып барасыңдар дейді, оқуларын оқып, айқайлағанда 3000 қол болып көрініп, түркімендер саса бастайды. Үшеуі екенін білмей оқтарын босқа шығындайды, үш адам 3000 қолды қырып тастап қайтадан, екі адам 2000 қол болып көрініп, түркімендерді үстінен шаншып, қырып 5-6-ын ұстап атына өңгеріп, мойына арқан байлап, атаның алдына алып келеді. Айдар ата «Біз сендердің кек алуға келе жатқандарыңды біліп отырмыз, осы сендер неге келдіңдер?: Сендердің жерлеріңе аяқтарымызды баспаймыз ғой, неге келдіңдер?». Егер де біздер сендердің елдеріңе барсақ, жерлеріңді, елдеріңді басып алып, сендердің дымдарыңды қалдырмай шауып тастаймыз деп айқайлап қаһарланып айтқан екен. Айдар ата бірнеше уақыт тежеліп тұрып «Қазір осы бойда  елдеріңе босатамын, елдеріңе барғанда былай деп айтасыңдар деп сөз бастаған» бәрібір сендер қазақтың жерін шаба алмайсыңдар біз өлсек, біздің балаларымыз, немерелеріміз, осындай батырлықтарды жалғастыра береді, енді осы жерге аяқтарыңды баспаңдар, ұмытыңдар»-деп айтып болғаннан кейін, түркімендердің адамдарын еліне қоя береді. Олар үрейлері ұшып елдеріне жүріп кетеді. Айдар ата түркімендердің не деп айтып баратынын алдын-ала біліп отырған. Сонда да олар кеткенше аталарымыз 50000 қол болып көріне берген, кеткеннен кейін қайтадан өз қалыптарына келген. Осыдан кейін түркімендер қазақ жеріне аяқтарын басуды, қарама-қарсы шығуды тоқтатады.
Жыл үстіне жыл өтеді, Айдар ата 40 жасқа келген болатын, мешітінде балалар оқытып, хат танытып, Құран кітаптарды оқытуды жалғастырады, ал қалған 50 адамдары өздерінің арттарына қалатын балаларды әртүрлі қасиетке, қаруларды қалай қолдана білуді ұйретеді. Айдар ата жоңғарлардың біздің жерді шабуға келе жатқанын біліп, қасындағы адамдарын, батырларды жинап алады,. Ал енді тап біздің жерге бір жау шапқалы тұр, өздеріңнің баяғы әдістеріңді, қасиеттерді ұмытпаңдар деген екен. Он шақты күн өткен соң, Ата қасына батырларды жинап, 15 шақырым жерге шығып жауды алдарынан күтеді, бір күн өтеді, екі күн өтеді, үшінші күн дегенде жаулардың түнде келіп шабатынын біледі. Ата қасына 20 шақты адамдарды шақырып алып, біздер жатқанда жерлерімізді ұйықтап жатқан қылып дайындаймыз да өздеріміз оқуларымызды оқып, жан-жақтан қоршап тұрамыз деген екен. Содан жоңғарлар түн ішінде келіп тұрған күзетшіні өлтіріп, қалған ұйықтап жатқан адамдарды найзамен, қылышпен, садақпен атқылай бастайды да өлтірдік деп үстіндегі бүркеніп жатқан шапандрын ашып қалса, бұлардын адамның қу сүйегі болып көздеріне көрінеді, осыдан кейін жоңғарлардың 4000 мың қолының көзіне жан-жақтан айқайлап келе жатқан жиырма адам 20000 мың қол көрініп оларды шетінен өлтіре берген. Айдар ата қатты айқайлап жіберген уақытта аталарымыздың көздері, беттері аппақ фосфор болып жанып, мұны көрген жоңғарлар тым-тырақай қаша жөнеледі. Кейбіреулері қатты қорыққаннан жүректері шыдамай, сол жерде жан тапсырады, қашқандарының артынан қуып жетіп өлтіре береді. Таң бозарып келе жатқанда, жауды түгел қырып, өлтіріп болғаннан кейін, аталарымыз өздерінің еліне келіп, таң намазын мешітте оқиды. Атамыз дем алып, жатып екі адамның келетінін сезеді, содан кешкі намаз уақыты болатын, екі молда келіп «Ассалаумағалейкум!» деп атамызға сәлем береді, атамыз «Уағалейкум-әссәлем!»-деп сөн сұрайды, төрді ұсынады. Иә, қай жақтан келе жатқан молдасыңдар?-дейді». Түркістаннан келе жатқан молдамыз,-деп жауап қайтарады. Атамыз: Иә, әңгімелеріңді айта беріңдер, құлағым сендерде,-деп әңгімелерін тыңдай берген, екі молда әңгімелерін айтып болғаннан кейін, Ата «Ал енді мен айтайын» сендер молда емессіңдер, өтірік үстеріңе шапан киіп, бастарыңа сәлде орап мені өлтіруге келдіңдер «сендер жоңғарлардың тірі қалғандарысыңдар» дегенде, манағы 2 молда сасқаннан не айтарын білмей, біз түркістаннан келдікдеп қайта-қайта айта берген. Ал енді шын молда болсаңдар, үстеріндегі шапандарыңды, бөрікті шешіңдер деген екен ата. Содан үстіндегі шапандарын шешіп жібергенде екеуінің халаттарының арасынан бір жабулы ыдыс домалап жерге түседі, атамыз сезіп қалып мына ыдыстың аузын ашпаңдар, екеуініңде ішінде жылан бар деп айтқан екен. Мына екеуін үлкен жыңғылдың арасына апарып байлаңдар да, мына ыдыстың бетін ашып, шапандарының ішіне, қойнына салып жіберіңдер деп екі, үш адамдарына тапсырғаннан кейін кешкі намазын оқып болып, жаңағы екі адамға барса өздерінің алып келген жыландары өздерін шағып өлтірген екен. Айдар ата бір күні баласы Мүлкаманды шақырып алып өздерінің өсиеттерін, батырлықтарын, қасиеттерін, оқудың түрлерін Құран кітаптарды, өзінің елін, жерін тапсырып, өзі қасында болған баласы Мүлкаман сол кезде 20 жаста болатын, 10 жасынан садақ, қылыш, жауға қарсы шабу әдістерін, қасиет, көріпкелдіктерін үйретіп, кейін Айдар атамыз баласына сеніп, өзі мешітте қалып, баласын қайта-қайта жау шапқыншылығына қарсы, қасына қасиетті 20 шақты адам қосып жіберіп отырған Мүлкаман жорықтарға шыққан сайын Тойсары, Сүйірбас аталарының басына барып Құран оқып кететін болған. Әкесі Айдар ата баласының қайда барып жүргенін сезіп отырған.
Бір күні баласына Айдар ата «Ау Мүлкаман балам, аталардың басына барып сиынады екенсің, бұл атадан атаға жалғасып келе жатқан қасиет, бұны ұмытпаңдар. Аталардың аруағы, қасиеті сенің балдарыңды, ұрпақтарыңды, шөберелеріңді, дөментайларыңды қорғайды, сондықтан әр рудың батырларын ұмытпаңдар, араларыңда жік болмасын, ру-руға бөлінбеңдер, бір-біріңе бауырмал болыңдар, өз жерлеріңді жаудан қорғаңдар. Дін жолына түсіп Құран кітабын оқуды, мұсылмандықты ұмытпай, ата дәстүрін жалғастырып, Аллаға сиынып Мұхаммбет/с.ғ.с/  Пайғамбарға және басқа да Пайғамбарларға салауат айтып жүріңдер деп өсиет қалдырып, Айдар атамыз 60 жасына келген шағында жұма күні көзін жұмған. Барлық ағайын-тума жиналып, намаз оқып Тойсары мен Сүйірбас аталардың қасына жерлеген. Мүлкаман әкесінің айтып кеткен  өсиеттерін орындап, өзінің еліне, халқына жақсылығын көрсетіп, өзінің жерін ешкімге таптатпай, қарама-қарсы келген жауларды қатты соққы беріп жүрген. Мүлкаман атасының мұраларын, Құран кітаптарын оқытып мешітте ұстаздық еткен. Бір жылдары қатты құрғақшылық болып, малдар қырылып, ауыз сулары ашып, халық қинала бастайды. Ақсақалдар мешітке жиналып келіп мұңдарын айтып, жаңбыр тіптен жаумай кетті деп көмектесуін өтінеді. Мүлкаман қасына молдаларын жинап тізерлеп отырып Аллаға сиынып, Мұхамбет/с.ғ.с/ пайғамбардан жалбарынып жаңбыр сұрайды. Сыртқа   шығып қазір қараңдар қара бұлт келеді, жаңбыр жауады деп айқайлайды көп кешікпей жел тұрып, бұлт көрініп қатты нөсерлеп жаңбыр жауады, халық жиналып келіп атаға алғысын айтады. Содан атамыз халқын жаулардан қорғап өмір сүре берген. Мүлкаман атадан Жанай-Шоры деген балдар дүниеге келеді. Әкесі балдарына 10 жасынан бастап өзінің қасиет, көріпкел, оқуын үйрете бастайды, балдары 14 жастарында меңгеріп, үйреніп өздерінің қасиеттерін көрсетіп, халықты таңқалдырады, 15 жасында балдары жауға қарсы шабуды үйретеді.
Бір күні мешітке екі молда келіп, қонып, қонақта болып Түркістанда үш жүздің батырлары жиналып жатқанын айтады оларды қонақтап шығарып салады, Мүлкаман ата қасына бірнеше қасиетті адамдар ертіп Түркістанға келіп мешітте намаздарын оқып, үш жүзден келген адамдармен танысып, аталарымыз өздерінің аруақтарын, қасиеттерін көрсетіп Түркімен, жоңғарлармен соғыстардағы әңгімелерді әңгімелеп сұхбаттасады. Еліне келсе екі баласы 30 шақты қасиетті адамдармен бірге жауға кеткенін біліп, көмекке барады. Балдары жараланып жаны қысылғанда аталарынан демеу сұрап, жоңғарлардың арасында да қасиетті адамдар болғанын айтады, ауылдарына жеңіспен оралып, баласын емдеп жазады. Жанай мен Шораны әртүрлі оқуларды үйретіп Медресеге оқуға жібереді. Жанай бірнеше жыл оқып еліне оралады, әкесі Мүлкаман  ініңді қайда тастдың дегенде, Шоры оқуымды әрі жалғастырамын деп қалып қойды дейді. Мүлкаман Жанай баласына сен енді елді басқарасың, еліңе қамқор бол деп тапсырады. Ертең таң ата  Түркімендердің 6000 қолы келе жатыр, оларға қарсы шығамыз деп қасына қасиетті адамдарын ертіп алдарынан күтеді. Мүлкаман ата Түркімендердің алдын оқуын оқып алдарынан су шығарып, оларды сумен қоршап тастайды. Жаулар өз көздеріне өздері сенбей алдарындағы суға қарап аң таң болады. Аталарымыз өздері бер жағында   «ал сендер батыр болсаңдар бері қарай шығыңдар, шықпасаңдар өздеріміз шығамыз» деп судың үстімен оларға қарсы жүреді. Түркімендер олардың судың үстімен қалай жүріп келе жатыр деп зәрелері ұшып олар тымтырақай қашып суға бата береді. Түркімендер садақтарыменен ата бастайды, атқан оқтары аталарға дарымайды, аталарымыз судан кейін шығып, Мүлкаман ата дауыл, жаңбыр жауғызатын оқуын оқып, жойқын дауыл, жаңбыр жауғызып, жаулар пана таба алмай судың астына қалдырады. Жаңбыр, дауыл басылғанда жаудың тірі қалғандарын қырып төртеуін қалдырып, атамыздың алдына алып келеді. Осы сендер неге келе бересіңдер?, сіздерге арғы аталарымыз айтқан емес пе еді, неге келе бересіңдер?- деп қаһарланып, қаһарын көрген түркімендер бәрі бұқшиып отырып қалады. Сендерді елдеріңе жіберемін, елдеріңе айта барыңдар, енді келсеңдер ауылдарыңды жаулап аламыз дейді. Төртеуі зәрелері ұшып елдеріне келе жатса алдарынан бес өзбектер кездесіп, Түркімендер бұл ауылға бармаңдар олар қырып тастайды, Өзбектер күліп жолдарынан қалмай әрі жүріп кетеді. Өзбектер Хиуадағы Шорының хабарын айтуға келе жатқан еді. Ауылға келіп Шорының хабарын, сәлемін айтып, танысып, оларды жақсы қарсы алып қонақта болады. Шоры Хиуада жақсы оқып, өте батырлығын, өжеттігін айтады, ата Ау Шоры балам қашан келеді?-деп сұрайды, өзбектер енді бір жыл оқығасын келеді деп жауап береді. Мешітті көріп, танысып әсемдігіне таң қалады. Мүлкаман ата 40 жасқа келген уақыты болатын, бір күні жалғыз өзі аңға шығып 1,2 қасқырды атып алып кеш қызарып бара жатқанда далада намаз оқиды. Намаз оқып отырған жерінде екі жоңғар келгенін сезбей, сезсе де намазын бұзбай, оқуын оқып отыра береді. Екеуі қылыштарыменен атаны шапқылай бастайды. Қансырап жатса да намазын бұзбай, оқуын бітіріп ұшып тұрып: О, Алла деп екі жоңғарды ұстап алып қойнына қысып өлтіреді. Атамыз қатты жараланып атына отырып, еліне келеді. Жанай баласы сезіп алдынан шығады: «Әке, не болды?»-деп ақырады. Намаз оқып отырған жерімді екі жоңғар келіп шапқылады, бірақ мен сонда да намазымды бұзбадым. Ал балам сен енді еліңе қорған бол, батырлығың аталарыңдай,  болсын деп батасын береді.
Шорыны оқуынан шақыртып, әкесін жерлеп, кек аламыз деп кішкене жоңғар еліне шауып, әкесінің кегін алып елге оралады, содан Жанай, Шоры өмір сүріп қасиеттерін үйретіп және Құран кітаптарды оқиды.
Жанай ата аталарымыздың мешітін ұстап, балдар оқытып, қасындағы үлкейіп қалған батырларды еліне жібереді. Жастарды оқуға, ақиқатты айтып, тазалыққа,имандылыққа баулиды. Шоры ата да қасиетін, көріпкелдігін, оқуын мешітте балдарға үйретіп, оқытып өмір сүре береді. Содан Жанай атамыз Түркістанға бармақшы болып аталардың басына барып Құран,сапар намаз оқып жолға шығады. Түркістанға бара жатырып, Ақмешіттегі Мырзағұл атаның мешітіне соғады. Адайлардың батырларымен танысып, атамызды жақсы қарсы алады. Мүлкаман әкең бізге жауды жібермеді, бізде сендерге жауды жібермедік деп Мырзақұл ата айтқан екен. Мырзақұл ата жолға шығарып салып, бір-бірімізді көргенде жақсы қарым-қатынаста болайық деп шығарып салады. Түркістанға барып шаруаларын бітіріп, әртүрлі қасиетті адамдармен танысып, еліне қасындағы 5-6 батырмен келе жатқанда, түркімендердің 1000 шақты қол келе жатқанын біліп оқуларын оқып, бір төбеге шығады. Жанай ата қасындағыларымен жауға 1000 қол болып көрініп қарсы шабады, жау сескене бастайды. Бірақ ішінен бір батыр Жанай атаға қарсы шауып келе жатқанда жанынан 2000 қол көрінеді. Жанай ата бұлар адайдың Мырзақұл ата екенін біліп, ол жетіп келіп түркіменнің басын шауып, басы Жанай атаның алдына келіп түседі. Атамыз денесін найзамен түйреп, атынан құлатады да, қалғандарын тырқырата қуып, қырып жойып, Мырзақұл ауылында қонақта болып таң намазын оқып болғаннан кейін Мырзақұл атамен қоштасып, еліне қайтып келеді. Келсе көгендеп   бұтаққа байлап қойған 500 жоңғарды көреді. Бұларды көгендеп қойған інісі Шоры екенін сезіп, батырлығын біліп, құшақтасып көріседі. Шорыға ал енді мына жоңғарларды қалай байлап қойдың?-деп сұрайды. Шоры былай дейді, маған таңда аталар аян берді. Тұр балам жоңғарлардың 500 қолы келе жатыр-деді. 5-6  адам ертіп алдарынан күттім. Жақындаған мезгілде мына ұзын арқанды алдарынан жылан қылып жібердім, олар қорқып қашып, олардың мойындарына оралып, бәрін алдарына салып, үлкен арқан ауылға келгенше ысылдап келеді, сосын бәрін бұтаққа көгендеп қойдым деген екен. Жанай мен мына оқуды Хиуада оқып жүргенде үйрендің бе?-деп сұрағанда: Иә, деп жауап береді. Бұл жақсы қасиет екен деп Шоры інісінің артынан қаққан. Содан Жанай мен Шоры әр жерден сырқат ауруларымен келген адамдарға ем беріп, көмектесіп отырған. Адай ауылынан Мырзақұл ата бір күн қонақта болып аталарымыздың басына дұға етіп, Жанай ата Мырзақұл атаға қайда жүрсекте бір-бірімізге көмектесіп жүрейік деп екеуінің әңгімелері жарасымды болған.
Бір күні Жанай ата баласы Өтебайды шақырып алып, балам, өзіңнің еліңе қадірлі бол, арғы аталарыңның қасиетін ұста, халқыңды ренжітпей, халқыңды бақ. Мына арғы аталарыңның мешітін енді сен ұстайсың деп айтқан екен. Өтебай баласы 10 жасынан бастап мешітте оқып, сегіз жылдың ішінде көптеген Құран кітаптарды оқып, бітіріп, қасиеттерді үйреніп, мешітте балдарды өзі оқытатын болған. Сөйтіп Өтебай арғы аталарының қасиетін, аруағын ұстап жорықтарға шығып, өзінің елін, жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғаған. Түркімендер жиі-жиі келмегеніменен келгендерін өзінің қасиетімен жеңіп отырған. Өтебай ата ақырып оқуын оқып жібергенде, жер бетін тұмандатып жіберетін болған және де басқа рудың батырларымен байланыс жасап отырған. Түркістандағы Арыстанбай атаға барып сәлем беріп, бас иіп 1, 2 күн қонақта болып елдеріне қайтқан, Өтебай ата мешітке балдар оқытып, оларды намазға жығып, өсиет, қасиеттерді үйретіп, әртүрлі Құран кітаптарды оқытқан.
Бір күні ата балдардың қасиеттерін сынау үшін 4 баланы шақырып алып, өздеріңе үйреткен қасиеттеріңді көрсетіңдер дегенде көздерін екі жылқыға бадырайтып оқудың  күштілігімен төрт аяғын сындырып құлатып тастаған.
Ал енді тұрғыза аласыңдар ма?-дегенде, олар дұғаларын оқып , айқайлап жібергенде жылқы ұшып тұрып жүріп кетеді. Төрт адамның қасиетін ашып, жау шапқыншылығына жіберіп отырған, содан Өтебай ата өзінің еліне, халқына қамқор болып, аталарының қасиеттерін бауырларына үйретіп, шөлдеп жатқан жерлерге өзінің қасиетімен тізерлеп отырып, бұлт шақырып жерді суарып отырған. Басқа рулардан келген батырларды жақсы қарсы алып қонақ қылып отырған. Өтебай атамыз әйелі Сұлушаш ұлды болып, халқын жинап, той жасайды, ақсақалдарды жинап, ал енді атын кім қоямыз деп сұрайды. Бір қарт тұрып, сен қайсарлы өжет батырсың, сенің балаңның атын аталарың қойсын деген екен, жақсы айтқандарың болсын, аталар аян етер деген. Түнде Мүлкаман ата аян беріпті, балам балаңның атын Қатікене қой депті. Сөйтіп жаңа туған нәрестенің атын Қатікене қояды.
Ай, жыл өткен сайын жау тиіп қашып тиісіп қасындағы батырлар жау қолдарынан өледі Өлген батырлардың кегін қайтадан қайтарып отырған. Баласы 5 жасқа келгенде бір күні «Әке, мені аталардың басына апаршы, түнде түсімде маған аталар менің басыма кел» деп айтқан еді. Әйелі баласын алып Мүлкаман атаның басына келіп, атау сіздің шақыруыңыз бойынша келіп отырмыз, балаң түнде түс көріп, сосын аян еткен екенсіз, сол бойынша келіп отырмыз деген де, Құран және дұғасын оқып үйіне қайтып келеді. Өтебай ата сол кезде 45 жаста болған, баласын жорыққа бірге алып шығып садақ атқызып үйретіп, баласының қасқырға, қоянға атқан оқтары дәл тиіп отырған.
Бір күні Өтебай ата Қатікене сыртынан қарап тұрса, баласының назары тұлпарға ауып тұрғанын сезеді. Бір мезгілде қолын жоғары көтеріп қалғаны екен манағы тұлпар омақаса құлайды. Өтебай ата баласын қолына алып көтеріп, сен 7 жасыңда осындай қасиетің бар екен, ертең өсе келе қасиетің күшейе түседі деген екен. Ауылда балдары үйленіп, қыздары тұрмысқа шығып, елінде шырқалған ән, той болады. Балдары әртүрлі қарулармен шайқастырады, 15 жасында Құран кітаптарды жетік меңгереді, оқуын оқып жер астынан су шығаратын болған.
Өтебай атаның 50-ге келген шағы болатын, бір күні 200-дей түркімендер біздің жерге келе жатқанын біліп, атам жалғыз өзі барып, олармен шайқасып, ақырып өзінің оқуын оқып, айналасын тұман қылып жіберіп, түркімендер бір-бірімен түйісіп бастары айналған. Кейін оқуымен бұлт шақырып, жаңбырдың астына қалдырады. Әлсіреген жаудың әскерлерін найзамен түйреп, қырып тастайды. Қатікене әкесінің жалғыз соғысып жүргенін және бір қатер төніп тұрғанын сезіп бармақшы болғанда Сұлушаш анасы «әкең жаудан қорықпайды, қазір келеді»-деп жібермей қалады. Өтебай ата есеңгіреген түркімендерді өлтіріп болғаннан кейін, кешке құбылаға қарап намаз оқып отырғанда өтірік өліп қалған бір жау тығылып келіп атаны қылышымен шапқылай бастайды, ата үстінен сырғанап қан ақса да намазын бұзбай отыра береді, түркімен өз көзіне өзі сенбей бұл енді құламай ма? Өлмей ме? Деп аң-таң болып алдыңғы жағына барған кезде, ата тұла бойындағы күшін жинап «О, Алла!»-деп дұғасын оқып айқайлап жіберген кезде 2 көзімен түркіменнің 2 аяғын сындырып тастаған, қалғанын балам өлтіреді деп жан тапсырады. Қатікене баласы әкесіне бір нәрсе болғанын сезіп, тұлпар атына мініп бірінші төбеден өтіп, 2-ші төбеге жете бергенде, қырылып жатқан адамдарды және төбенің арғы жағында әкесінің өліп жатқанын көріп, 20 шақты метр жерде қансырап жатқан түркіменге барып сол әкесінің өлтіргенін сезіп, түркіменнің қасына келіп, желкесінен көтеріп алып, сенің жататын жерің бұл жер емес деп өз адамдарының жатқан жеріне лақтырып тастайды да садағымен атып жібергенде желкесіне тиіп тамағынан шығады. Кегін алған Қатікене Өтебай атамызды жерлеп бүкіл ауыл ақсақалдарын басқа да батырларды, қасиетті адамдарды шақырып ұзақ жолға шығарып салады. Қатікене: «Әке сенің өсиеттеріңізді, қасиеттеріңізді, аруақтылығыңызды, батырлығыңызды біздер ұмытпаймыз. Әке бейіт басыңа жұма сайын келіп тұрамыз»,-деп айтқан екен. Қатікене баласы мешітті ұстап, балаларды оқытып, хат танытып, әкесінің өмірін жалғастырады. Анасы Сұлушаш баласына: «Енді сен ер жеттің, жанұялы болуың керек» деген екен. Қатікене анасының сөзін бұлжытпай орындап Күнзибаш деген қызға үйленіп той жасап, ойын-сауық өткізіп, 3 күн тойын өткізген. Қатікене атамыз 22 жасына келгенде Күнзибаш әйелі ұл туады. Қатікене ата Өтебай, арғы аталарының өмірлерін жалғастырып қасиеттерді балдарға үйретіп, басқа жақтағы мешіттерге қатынасып отырған. Қатікене ата арғы аталарынан қалған малдарды өсіріп өте бай болған. Әр түпкірден келген саудагерлермен сауда жасасып отырған. Атамыз 2-ші әйел алып өзінің тапқырлығымен 2-ін ұстап отырған. Ауылындағы жас жігіттерге қылыштасуды, садақ ату қимылдарын үйретіп отырған. Өте өжет, батыр болған, қарама-қарсы келген жоңғарлардың елдерін шауып, басып алып, бүкіл малдарын алып халыққа таратып отырған. Қатікене ата 3-ші әйелге үйленіп, әйелдерін бір-біріне бағындырып отырған, әйелдері сыйлайтын болған. Атаның бәлембай жылқы, түйе, қойлары болған. Сол жылқының қымызын, түйенің шұбатын пайдаланып, басқа жақтарға заттармен алмастырып отырған. Бірнеше жылдан кейін төртінші әйел алады. Сөйтіп тату-тәтті өмір сүре береді. Бір күні Қатікене ата жол жүрмекші болып қасына он адам ерітіп жолға шығады. Жолдан үш қыз кездеседі. Жөн сұраса олар жетім қыздар екен. Оларды тамақтандырып жуындыру үшін қасындағы адамдарына ауылға апарып әйелдеріне апаруын өтінеді. Айтқандарын орындап, адамдары қайтадан қуып жетіп, әрі қарай жол жүре береді. Алдарынан бір топ адамдар шығады, жақындай бере бірбатыр қолын көтеріп «кімсіңдер, қайдан келе жатырсыңдар?»-деп жол сұрайды. Қатікене атамыз біздер Жастабан ауылы, таздың батырларымыз деп жауап қайтарады.
Жиырма шақты батырлар «Біз Бекет ауылынанбыз»-деп өздерін таныстырады және ауылдарына қонаққа шақырады. Бұлар Бекет ауылына келіп, дәрет алып, атамыз қасына бір-екі адамын ертіп, киіз үйдің ішіне кіріп «Ассалаумағалейкүм» деп, төрде отырған Бекет атаға иіліп сәлем береді. Бекет ата сәлемін алып, аман-есенсіңдер ме? Иә, сендер таздың балдары екенсіңдер ғой, сендердің арғы аталарың қасиетті екенін білемін, естігем. Арғы аталарың менің Мырзақұл әкеммен кездескен, ал енді қонақта болыңдар, сыртта тұрып қалған адамдарды ішке кіргізіп, Қатікене ата Бекет атамен тіл табысып, әңгімелесіп таң аттырады. Таң намазын екеуі бір мезгілде оқиды, қалғандары да намазын бітіргеннен кейін Бекет ата «Қатікене менің қасымдағы адамдармен бірге, түркімендердің бірнеше қолы келе жатыр, бірге шабайық»-дейді. Сөйтіп олар жорыққа бірге шығып, олар түркімендерді жеңгеннен кейін, Бекет ата жолға шығарып салады, атамыз екі күннен кейін ауылына келеді. Үйіне келсе, әйелдері үш қызды тазалап, жуындырып, тамақтандырған екен. Сұлулығын көрген атамыз жаңағы қыздарға енді сіздер менің әйелдерімнің бірі боласыңдар дейді, олар келіседі. Сөйтіп жақсы өмір сүре береді. Ай өтеді, жыл өтеді жеті әйелімен, жеті ұлды болады. Атамыз болса өз ата жолын жалғастырып, мешітте балдарды оқытып, хат танытады, әртүрлі жорықтарда жоңғарларымен қарсы шығып жеңістерге жетеді.
Қатікене атамыздың балалары өсіп, ең үлкен баласы Сарытай он жасқа, Сарықұл жеті жасқа, Баймұрза бес жасқа толады.
Бір күні атамыз үлкен үйде отырып әйелдерін шақырады, оларға қазір мен сендерге аталардан қалған қасиетімді көрсетемін деп, қылышын ортаға қояды. Бір мезгілде қамшысына жан бітіп, үйден шығып, сыртта жүрген бір-екі адамды үйге қуып тығады. Қамшыдан сасқан адамдар атаның аяғына келіп жығылады: атеке, біз бұл қамшыға істеген кінәміз жоқ, өзінен өзі бізді сабалап келеді дейді, сонда ата бұны мен жіберген едім дейді. Қазір сендерге тағы бір қасиетімді көрсетемін, далада жүрген жиырма түйені боздатамын дейді, бір уақытта түйелер үйдің қасына келіп боздағанда, әйелдері құлақтарын басып атаға тоқтатуын өтінеді. Ал енді менің қасиетімді көрдіңдер ғой дегенде, атаның төртінші әйелі пысықтау екен, керемет болсаң менің күміс білезігімді жоғалтып едім, соны тапшы дейді. Жақсы, деп ата «қолыңды жайып, көзіңді жұмып отыр»-дейді. Қасындағы бір қатынның құлағына сыбырлап, ана жақтан ала жіпті алып кел, мана сол жіптен мына қатын аттап кетіп еді дейді, әкелген жіпті жылан қылады, төртінші қатынына ал көзіңді аш дейді, көзін ашса қолында білезікті тұрғанын көріп қуанып кетеді, атаға қарай бергенде ата ала жіпті лақтырып жібереді, сол кезде жіп жыланға айналып, қатынның қолына оратылып қалады. Мұны көрген әйелі зәресі ұшып сасқаннан далаға жүгіріп шығады, сыртқа шықса қолындағы жылан емес, жіп болып шығады. Сонда ата әйелдеріне ала жіптен аттамаңдар депті. Баласы Сарытай он жасында Құранды жетік меңгерген, балдарының бәріне садақ ату, қылыштасу әдістерін үйретеді, қасындағы батырлармен қосып жау шапқыншылығына жібереді. Сол соғыстың бірінде екі баласы қатты жараланып, үйіне келіп өледі. Сарытай баласы аталарының қасиетін, Құрандарын ұстап, қасындағы інілеріне үйретіп отырған. Содан баласы Сарытай үйленбек ойын әкесіне айтады. Әкесі батасын беріп, үлкен той жасайды. Сарытай жиырма алты жасында ұлды болады. Әкесіне келіп атын кім деп қоямыз дейді. Сонда әкесі ойланып Маңдай деп қоямыз дейді. Қатікене ата өзінің қатты ауруға шалдыққанын біліп, Сарытай баласын шақырып алып «Балам, жеріңді, еліңді қорға, жеріңді ешкімге таптатпа, халқыңа бауырмал, адал, таза бол, қалған өмірімді жалғастыр. Мешітті ұстап, Құран кітаптарымды, жаудан, арам ниетті адамдардан қорға»-деп өсиет айтқан. Әкесі өлгеннен кейін әйелдері балдарын алып жан-жаққа бытыраған, әкесінің әйелдеріне малын, күміс, алтындарын бөліп беріп жіберіп отырған. Сарытайдың қасында тек анасы қалған.
Сарытай ата отыз жасында Қатікене атасының қасында болған батыр адамдармен бірге жан-жаққа барып сауда жасап, әртүрлі қасиет, батырлығын көрсетіп, елге жақсы жағынан танылған. Сарытай атаның баласы Маңдай он жасқа толғанда мешітте басқа балдарымен бірге оқып, Құран кітапты үйренген, он үш жасында көптеген кітаптарды толық меңгерген.
Сарытай басқа жақтағы інілерін іздеп барып, оларды ертіп, аталарының басына барып дұға етіп отырған, басқа жерде тұрса да інілері, атақтарын шығарып, батыр болған, ал кейбір інілері ата-бабасын ұмытып жат болып кеткен.
Сарытай баласына садақ, қылыштасуды, найза лақтыруды үйреткен. Қатікене атамыздың батырлығын ұстаған Маңдай атамыз он бес жасқа келгенде өзінің қасиеті, білімі,тапқырлығымен  еліне, халқына танылып отырған. Бұны білген Сарытай әкесі баласына сенген, баласының қасына он шақты батырларды қосып Түркістанға Арыстанбаб басына барып, дұға оқып, сиынып, әртүрлі мешіттерге барып, өздерінің аруақ, қасиеттерін көрсетіп, басқа да қасиетті адамдармен танысып елге оралды, он алты жасында Маңдайды жиырма адаммен Хиуаға жібереді. Бара жатып Адай ауылының үстімен өтіп, Бекет атаға кездесіп, Адай ауылынан да адамдар ертіп Хиуаға келіп мешітті намаз оқып, адамдарымен және молдаларымен танысқан. Хиуадағы қарт молда Маңдайға сіздің ауылдан Шоры ата оқып кетті дейді, сонда ол: «Шоры кім?»-деп сұрайды. Шоры, Жанай атаның інісі болатын, ол кісі Құран кітапты өте жетік меңгеріп, өзінің қасиет, оқуымен ұзын арқандарды жылан қылып жіберетін болған деп түсіндіреді. Аман-есен Маңдай ауылына оралып, Сарытай әкесінен «Мен Хиуаға барғанда бір молда былай деді»-деп естігенін айтады. Сонда Сарытай ата «Сені не үшін Хиуаға жібердім» дегенде, баласы «Иә, Шоры атаны білсін деген екенсіз ғой» деп таңданған. Жанай мен Шоры аталарының басына дұға етіп, кешке жатқанда екі ата да аян беріп «балам, сен күшті қасиетті, оқымысты, ешкімнен қорықпайтын батыр боласың» деген. Таңертең тұрып осының бәрін әкесіне айтады. Сонда әкесі иә, балам, аталарыңның айтқан сөзін есіңде сақта, болашақта орнына тұра алмай жатқан адамдарға, соқыр, мылқау адамдарға жәрдем ет және де басқа да жан сұрап келген адамдарға қасиеттерін айтып, өзіңнің көріпкелділігіңді білдіресің деген екен.
Маңдай атамыз он сегіз жастағы кезінде бір жорықта жүргенде бір қызға ғашық болып, оны үйіне алып келіп, үлкен той жасайды. Сарытай баласы Маңдаймен Бекет ата елінде қонақта болады. Сонда Бекет ата сендер Қатікене аталарыңмен кездестім, оқымысты адам болған сендерде өте әсем мешіт бар екен естіп жүрмін. Сендерден болашақта қасиетті адамдар шығады деп айтқан екен (Аманжолды сол кезде Бекет ата жарып айтып кетсе керек). Сол балаға ескі Бейнеудегі құдығымның қасынан құдық қаздырыңдар. Адай-Таз егіз ауыл емес пе? Құдықтары қатар тұрсын дейді Бекет ата. Сарытай ата елу бес жасқа толады. Маңдайдың жиырма жасқа толған шағы еді. Әйелі жүкті болады. Келініміз ұл табатынын Маңдайдың шешесі алдын ала сезіп, баласына айтады, сонда: Мұны қайдан білдің?-деп таңданады. Келіп әкесінен сұрайды: Шешем оны қайдан біледі? дегенде әкесі: Шешең қасиетті табын руынан ғой,-деп жауап береді. Маңдай жиырма бір жасқа толғанда Сарытай ата той жасап, алыстағы інілерін шақырады. Үш інісі келеді, қалған бауырларын сұрағанда, үлкен шайқаста қатты жарақат алып, анасының алдына келіп өлді дейді. Сонда «иә қасиетті жердің балалары өзінің еліне келіп өледі» деген екен. 
1823 жылы Маңдайдың әйелі ұл табады. Сарытай атаға Мүлкаман ата аян беріп Маңдайдың баласының атын Аманжол деп қой деген екен. Содан Сарытай атамыз 1826 жылы алпыс жасқа толған шағында қатты ауруға шалдығатынын сезіп, баласы Маңдайды шақырып алып өсиетін айтып, еліңді, жеріңді, мешітіңді жаулардан қорға деп тапсырып көз жұмған. Маңдай ата әкесі Сарытайды жерлеп болғаннан кейін, анасының қатты күйзелісте жүргенін біліп қасынан кетпейді, шешесі «Иә, балам, мешітке неге бармай жүрсің? Әкеңнің айтқан өсиетін неге орындамайсың?» дегеннен кейін, мешітке барып балдарды оқытып, әкесінің өсиетін орындап қасына жиырма адам алып қарсы келген жауларға әртүрлі қасиеттерімен жеңіп отырған. Алыстағы ағаларының жаулардың қолдарынан өлгенін біліп қатты қайғырып, ағаларының басына барып, аталарының басына барып дұғасын оқиды.
Маңдай ата отызға толған шағында анасы алпыс бес жасында ауырып, көз жұмады. Өзінің анасын жерлеп, үйіне келіп, қайтадан ештеңе ойланбастан, әкесінің айтып кеткен өсиетін есінен шығармай, бұлжытпай орындаған. Маңдай атамыз баласы Аманжолды алты жасынан бастап қасындағы балаларымен бірге мешітте әртүрлі Құран кітаптарды оқытып үйретеді. Баласы Аманжол он жасында Құран кітаптарды тез меңгеріп, үйіне келсе де қолынан Құран кітабын тастамайтын болған. Әкесі Маңдай ата «Әй бала, тамағың суып қалды» десе де оқи беретін, кітабын бітірген соң, тамағын ішетін болған. Аманжол он үш жасқа толған шағында Хиуадан үш атақты молда келетінін білген Маңдай ата Аманжолға алдынан күтіп ал деп жұмсайды. Аманжол алдынан күтіп алып мешітке алып келеді. Олар мешітке иіліп сәлем етіп, Маңдай атамен амандасады. Үш молданы жақсы қарсы алып әңгімелесіп, екі күн қонақ етеді. Аманжолдың тапқырлығын, Құран кітаптарды жақсы оқи білетінін біліп, оқуын әрі жалғастыру үшін Хиуаға шақырады. Маңдай ата баласын жібергісі де келді, жібермегісі де келді. Екі ұшты ойда болады. Әкесінің қиналып тұрғанын сезген молдадар, бізге балаңыздың өте қасиеттірілігі», оқымыстылығы, батырлығы білінді және екі күн болғанда арғы аталарың аян берді. Жастабандардың арғы аталары өте күшті аруақты, батыр болған екен, балаңыз Хиуаға барғанда оқып білім алады және Хиуада балалар оқытатын болады деген екен. Бұл балаң оқуын бітіргесін үйіңе қалай келетінін өзің жүре бара білесің деп айтқаннан кейін ұрықсат етеді. Маңдай ата Аманжолға «бар балам аталарыңды ұмытпа, әрқашан жүрегіңде жүретін болсын»-деп жолға шығарып салады. Содан ай өтеді, жыл өтеді. Аманжол жиырма жасқа келгенде Хиуада оқып жүріп, кішкене мешітте балдар оқытып, хат танытады, Құран кітаптарды жақсы меңгеріп, көптеген атақты моладардан сабақ алып оқи береді.
Бір күні Маңдай атамыз намазын оқуға далаға шықса, сыртта намаз оқып тұрған үстінде шапаны, басында бөркі бар жігітті көреді. Маңдай ата бірге оқып болғаннан кейін бір-біріне қараса Аманжол баласы екенін көріп, құшақтасып, көрісіп үйге кіреді. Шай қайнатып отырған анасы баласын көріп, көзінен жас алып көріседі, шай ішіп тыныққан соң, мешітке барып сиынып, аталарының басына барып дұға етеді. Аманжол әкесіне «енді қайтіп Хиуаға жетіп, кешкі намазға үлгеруім керек»-дейді. Әке-шешесі таңданып балам-ау Хиуаға шейін бәлен шақырым емес пе?-деп сұрағанда, қазір көресіңдер деп мешіттің азан шақыратын жеріне шығып, аспанға қолын созып, өзіне-өзі ұша жөнелген. Бұны көрген адамдар бәрі таңқалады. Аманжол атамыз кеш намазын Хиуада оқып, балдардың сабақтарын жалғастыра береді.
Айлар, жылдар өтеді. Маңдай атамыз жетпіс жасқа келген шағы болатын, әкесінің ауырғанын баласы сезіп, ұшып келіп таң намазын, үйінің алдына оқиды. Анасы сырттағы малдарды жайлап жүріп баласын көреді. Үйге келіп шалына айтады, сонда Маңдай атамыз намазын оқып болғаннан кейін Аманжол «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем беріп кіреді де, әкесінің қасына отырады да» әке мен сіздің ауырғаныңызды бір күн бұрын білгенмін, сосын келіп отырмын деген екен Аманжол. Ал енді балам біліміңді халқыңа үйрет, жеріңді қорға, аталарыңның басына барып тұр, өзіңнің ағаларыңды, бауырларыңды көз жұмғаннан кейін, жерлеп, дұғасын оқып, таң намазын оқып болғаннан кейін анасына мен көп кешікпей келемін деп жол жүреді.
Аманжол Хиуаға келіп екі баласын, қызы Күнзибашты арбаға отырғызып, қасына бірнеше адамдар қосып Жылыойға жібереді. Сендер жүре беріңдер, мен осындағы жұмыстарды бітіріп, екі, үш күннен кейін өзімде жетемін дейді де, өзі Хиуада қалып шаруаларын бірыңғайлап, екі, үш күннен соң аспанда ұшып келе жатса, Маңғыстаудан жақын жерде жанұясының мінгізіп жіберген арбаны көріп, балдары мен әйелін іздейді. Атамыз иессіз далада тұрған бір үйді көреді, кірсе әйелінің жараланғанын, екі баласының беті ақ матамен жабулы жатқанын көреді. Әйеліне жақындап келіп, иығын қылышпен шапқанын көріп, бұл айуандыққа кімнің қолы барғанын сұрайды, сонда әйелі жиырма шақты түркімендер келіп екі баланы, бұлар өскенде бізге қарсы шығады деп өлтіріп, қызыңды құл қыламыз деп алып кетпекші болғанда, мен қарсыласқанмын, иығымнан шауып жаралап кетті деп жылаған. Арбаға әйелін салып адайлардың ауылына тастап, қасына бірнеше қасиетті батырларды ертіп, түркімендердің арттарынан қуып кетеді. Түркімендердің бір тайпа еліне барып, адай жігіттерімен оқуларымен, қасиеттерін көрсетіп бәрін қырып, қызын алып еліне оралады. Адай батырларына рахметін айтып әйелін, қызын арбаға отырғызып келе жатқанда, бірнеше түркімендердің қолын көріп, арбаны сайдың ішіне тығып, қолына арқан, қаруларын алып жауға қарсы шабады.
Аманжол жауға жалғыз өзі шауып, әртүрлі қасиет, оқуларын көрсетіп, арқандарды лақтырып жылан қылып, жаудың зәресін алып төрт жүздей жауды қырып тастайды. Сайда жатқан әйелі мен қызына келеді. Аманжол ата кешкі намазын оқып болғаннан кейін, еліне келе жатқанда екі түркіменнің артынан еріп келе жатқанын сезеді, артына қараса жаудың атқан садағы қызына келіп қадалады. Атамыз қаһарланып екі түркіменді шауып өлтіреді, жылап отырған әйелінің қасына келіп, өліп қалған қызын жерлеп, дұға етіп ауылына жетеді. Жылыойға келіп анасына мұңын айтып аталарының басына барып түнейді. Аталар түнде аян етеді. «Ау Аманжол балам, қажыма, Алланың жіберген сынағы болар, еліңе бар, еліңе қамқор бол, жеріңді жаулардан қорға»-деген екен.
Бір күні таң намазын оқып отырғанда атының кісінегенін естиді. Төрт, бес түркімен тығылып келіп Аманжол атаны садақтарымен атады, атқан төрт оқтары атына қадалып, біреуі атаның иығына қадалады. Әбден намазын оқып болғаннан кейін, қолына жерде тұрған қылышын алып, жақындап қалған жауға қатты ақырып жібергенде, астарындағы аттарының аяқтары сынып, төртеуі аттарының астында қалып мерт болады. Атына келсе мойнына, жанбасына қадалып тұрған оқты көріп, жүріп кетеді. Бір шақырым жүргеннен кейін аты құлайды, атының өлетінін біліп, өзі жаяу еліне жүріп кетеді, шаршайды, шөлдейді, бір сайдан шығып төбенің басына келіп ұйықтап қалады. Ұйқыдан тұрса жерден шығып тұрған бес саусақты көреді. Өз көзіне өзі сенбей, саусақтарға қарап, маған не айтпақшысыңдар деп сауал қояды. Бес саусақ сонда тіл қатып «бес уақыт намазыңды ұмытпа, еліңе барғанда оларға қамқоршы, көріпкел, қасиетті боласың»-деген екен.
Шөлдесең алдыңнан құдық кездеседі, құдықтан шөліңді қандырып еліңе бар»-деп жолға шығарып салады. Аманжол атамыз еліне келе жатса, алдынан шыңырау құдық кездесіп, шөлін қандырып, дәретін алып, еліне таң намазына ұшып келеді. Мешіттің қасында таң намазын оқып болып үйіне келсе анасы қатты ауырып жатқанын көреді. 1-2 күннен кейін анасы көз жұмады. Аманжол өзінің еліне қасиетін, оқуларын, көріпкелдігін көрсетіп жас мешітте балалар оқытып өмірін жалғастыра береді. Өзінің бауырластары Өтен, Төремұрат, Күнжарық, Байбақты, Нарынбай т.б. батырларымен хабарласып отырған. Аманжол өзінің әкесінің айтқан өсиетін бұлжытпай орындап, аталарының Құран кітаптарымен балаларды оқыта береді. 
Аманжол 1848 жылы шаруасы Өтен атаға барып «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем беріп үйге кіреді. Өтен «Ай, Аманжол, төрге шық» дегенде Аманжол аяқ жақта жарайды, төрге қонақтар отырсын дейді, сонда Өтен, інім сенің айтқаның дұрыс білгір екенсің деп ризашылығын білдіреді.
Бір күні Төремұрат Аманжолға келіп «біздің елге қасымдағы қожалар тиісе береді, мен оларды қырып тастаймын»-деп қаһарланады, сонда ал сен бірінші тиіспе, өздері бастасын, сосын көреміз деп ақылын айтады, сонда да шыдай алмай Өтенге де  айтады, ол да солай дейді. Сонда Төремұрат риза еместігін білдіреді. Төремұрат кеткен соң Өтен Нарынбайға барып Төремұраттың келгенін айтады. Нарынбай «иә, мен шет жағасын білемін, ол шын» дейді. Содан олар егер тиісе берсе көрерміз деп тарқасады.
Аманжол өзінің қасиет, көріпкелдігімен елді бағып, шипасын тигізіп, өзінің алдына келген халықты өкпелетпейді екен.
Бір күні Аманжол атамызға Адай ауылынан үш адам келіп қонақтап, сұхбаттасады. Біреуі сөз бастап сендердің арғы аталарыңды білеміз қасиетті, оқымысты болған. Сен Хиуада болғансың, қасиетіңді естіп жүрміз дейді. Сөйтсе ол кісі де құр емес екен, қасиетін сезген атамыз қасына шақырып алып «сен менен 3-4 жас үлкенсің, сендердің жолда келе жатқанда не айтқандарыңды айтып берейін бе?»-дейді, сонда ол «иә, не айттық айт»-дейді.
Атамыз ойланып отырып «Әй, біреуің таздың ауылынан мал ұрлайық»-депсің және біреуің жолда келе жатып аттан құлапты дейді. Сонда олар иә, бәрін шын айттық дейді. Енді үшінші біреуі Аманжолды сынайық дейді. Аманжол орнынан тұрып ана жүрген қойды алып кел дейді, қарап отырып, қойды тентек қошқар қылып жібереді, жаңағы қошқар адайдың айтқан жігітіне қарсы жүгіріп сүзеді, ол шалқасынан құлайды. Ана тұрған жіпті әкел деп, жіпті ортаға тастап, айнала отырады, жіптің үстін сары бозғылт матамен жауып қояды. Оқуын оқып матаны ашқанда шұбар сары жылан ысылдап орнынан көтерілгенде, манағы адайдың жігіттері тұра қашады, содан Аманжолға қасиетіңді көрдік жолға шығамыз дейді, тамақтанып атамыз оларды жолға шығарып салады. Содан күндер жылжып өте береді. Бір күні Байбақты ата келіп, Аманжол құрдас деп, құшақтасып көріседі, аман саулықты білгеннен кейін, Байбақты ата алдағы уақытта түркімендер келеді, қазір Өтенге барайық деп Өтенге келеді. Сонда Өтен сендердің неге келіп отырғандарыңды біліп отырмын. Түркімендер келеді. Нарынбай, Төремұрат, Адайдың батырларына хабар беріңдер. Біздер жауды бір күн елден он шақырым жерге барып күтіп алуымыз керек. Батырлардың бәрі жиналып уәделі күні, жауды алдарынан күтеді, біраздан кейін алыстан шаң көрінеді, бірінші Байбақты, екінші Аманжол, үшінші Төремұрат, төртінші адайдың батырлары, бесінші Нарынбай бәрі жауға қарсы шабуға дайындалады, сонда Байбақты: Ау, Өтен аға жолымызды адайларға берейік, олар қонақ қой-деп сөйтіп бәрі бір шешімге келіп жауға қарсы шабады. Адай батыры бірінші болып жауға қарсы «иә Бекет» деп шаба жөнеледі. Ол өзінің қасиет, білгірлігімен бірнеше түркімендерді шапқанда, екінші Байбақты ата ақырып жауға шапқанда жаулар бытырап жан-жаққа қашады, үшіші Аманжол сөйтіп өз шешімдерімен жауға кезекпен шауып, жауды жеңіп елдеріне келеді. Бір жыл үш айдан кейін Адай батыры таздың қызына ғашық болып, Өтеннің алдынан өтіп, қызға үйленеді, адай ауылымен байланыс жиілей түседі.
Аталарымыз әртүрлі шайқастарда жауларына берілмей елін, жерін қорғап жүре береді. Бір күні Өтен, Аманжолды шақырып алып, біздің жерге тағы да жаулар келмекші. Байбақтыны шақыр, жалғыз өзін жауға қарсы жібер сынап көр дейді. Ертесіне Байбақтының өзі келеді, сонда Аманжол ал енді құрдас менің айтқанымды тыңда, жақын арада жау келеді, соны жалғыз өзің шабасың деп бастай бергенде, Байбақты: саған оны Өтен батыр айтты ғой дейді, осының бәрін өзім біліп келіп отырмын дейді. Жау келерден бір күн бұрын Байбақты ата келіп бес жүз түркіменге қарсы шабады, ақырып дұғаларын оқып шапқанда екі мың қол болып көрініп жауды жеңіп шығады. Сосын Өтен атаға келіп «ал енді сіздің бұйрығыңызды орындадым»-деп алдына отырады. Иә Байбақты батамды батырлығыңа, қасиететті рухыңа беремін деп, өз батасын беріпті.
Бір күні Байбақтымен Аманжол Түркістанға бара жатырса алдарынан шайқасып жатқан екі тайпа елді көреді, біреуі Адай батырлары екенін біліп, олардан жаулардың көп екенін көріп, оларға көмектеседі. Екеуі жауға қарсы шапқанда, шаң көтеріліп, Адай батырлары бір-бірін көре алмай тұрып қалады, шаң басылғаннан кейін оларды көріп, екеуінен Адайлар жөн сұрайды, сонда Аманжол мынау қасымдағы Жаңғабыл Қосым ұлының батыры Байбақты, мен Жастабан таз руынан Аманжол батырымын деп өздерін таныстырады. Ауылдарында қонақта болып, сонда Адай батырлары бұлар төбенің басынан шапқанда көп еді, соғыс біткенде тек екеуін көрдік дейді. Сонда Адай батыры бұларды арғы тегі тегін еместігін айтады, сол ауылда Адай батырымен кездесіп «мынау менің бауырларым ғой»-деп құшақтасып көріседі, қонақтап болғаннан кейін қос батыр Түркістанға қарай жол жүреді, онда Арыстанбаб басына барып, дұға етіп, мешіттерге барып намаздарын оқып, ұлы, орта жүздің батырларымен кездесіп, қонақтап, еліне оралады.
Аман саулықтан кейін, Өтен атаға қайда болғандарын, айтқан сәлемдемелерді айтады, сонда Өтен ата иә бәрі де сәлемат болсын деп ризашылығын білдіріп, Байбақтыны жолға шығарып салады. Бір күні Өтен атамыз батырларды шақырып алып «Ау батырлар, інілерім жақында орыс патшасы біздің жерден жер алмақшы» дегенде, Төремұрат тұрып «жоқ біз кәпірлерге жерімізді бермейміз, осыдан келсін найзамен түйреп өлтіремін» деп қаһарланады. Оны барлық батырлар қолдап уәделеседі, сонда Өтен «Жақында орыстардың мың шақты қолы келеді, олардан жерлеріңді қорғаңдар»-дейді, сонда барлық батырлар жерлерін бермеу үшін ант етеді.
Орыстарды алдарынан күтіп алады, екеуін көрген орыс басшысы менсінбей қазір өлтіреміз деп қарсы жүреді. Байбақты мен Аманжол өз дұғаларын оқығанда екі мың қол болып көрініп, орыстарды, жауын жеңеді. Бұны көрген орыстар ызаланып, қазақтарды оқтың астына аламыз, зеңбіректерімен қайта шабуылдайды. Байбақты мен Аманжол жауды терең сайға алдап түсіріп, оқуларын оқып, сайды сумен толтырады. Бұндай жойқын суды көрмеген орыс әскерлері, судан өте алмай, судың астында қалады, көріп тұрған орыстың қол басшысы бұлардың жеңілмейтінін біліп, түнде шабуыл жасауға көшеді. Бұны білген аталарымыз ұзын құлаш арқанды келе жатқан үш жүздей жауды арқанмен байлап тастайды да, батырлар барып әскерлерді өлтіріп отырады. Амалы таусылған орыс басшысы елші жібереді, елші келіп «біздер сендермен соғыспаймыз, сендерді бауырларымыз деп санаймыз, тек жерлеріңе қала тұрғызамыз»-дейді. Бұлардың алдмақшы болғанын біліп Аманжол «бұлар өтірік айтады, жайлап біздің елге кіріп, көбейгеннен кейін бізді қырып тастамақшы» дейді. Өтен ата келген елшілерді Төремұратқа ұстатып аттарына теріс отырғызып, енді келсеңдер қырып тастаймыз деп қоя береді.
Орыстар күндердің күнінде тағы да шабуылға шығады, аталарымызды оқтың астына алады. Аманжол мен Өтен ата жер бетін тұман қылып, Төремұрат кездескен орыстарды найзамен түйреп, қылышпен шауып отырады. Аманжол мен Байбақты ақырып дұғаларын оқығанда екі мың қол болып, орыстарды жайлап тастайды, орыстың үлкен офицерін қалдырып, тұманды ашып, әскерлерінің қырылып жатқанын көрсетеді. Өтен ата мынаумен кім жекпе-жекке шығады дейді, сонда Төремұрат алға шығады, олар қылыштасып, офицерді өлтіріп атына өңгеріп еліне жібереді.
Аталарымыздың ауылына бір тайпа таздың орыс Жәлімбет қазақтары көшіп келіп, тату-тәтті өмір сүре береді. Ол елдің ішінде Қызданай деген сұлу қыз болады, соған ғашық болмаған адам болмайды. Батырлар бір-бірімен қырылысады, сонда Өтен ата қызым әке-шешең бар, өзің шеш, батырлар қырылыспасын дейді, сонда ол бүгін үйге жиналсын, соңғы шешімімді айтамын, жиналған батырлардың қолына су құямын деп, отта қайнап тұрған құмыраны алып қолдарына су құюға кіріседі, судың ыссылығына шыдамаған батырлар қаша жөнеледі, тек Төремұрат шыдап отырады, сөйтіп Қызданай мен Төремұрат қосылады. Мұны көрген батырлар, қызғаныштан жарыла жаздап, сонда да Қызданайға көз сала береді. Елінде бұл қылықтарын қоймаса қан төгіс болатынын біліп, әр жерде жатқан аталарына дұға оқып, мешітке бас иіп батырларымен, елімен, жерімен қоштасып, әйелі екеуі Хорезімге сапар шегеді.
Олар кеткеннен кейін, оларды көпке шейін ұмыта алмай жүреді.
Бір күні Аманжол атамыз батырларға келіп, «ал енді осы жағында орыстардың алпыс шақты адамы келіп біздің жерімізді сызып картаға түсіріп алмақшы» дегенде, Өтен ата қаһарланып «бұлардың бәрін өзім жайратамын» дейді. Бір күні бұрын орыстардың алдарынан шығып аңдиды, алпыс шақты орысқа жалғыз өзі шығып қылыштың астына алады, атаға орыстың оғы дарымайды, орыстардың бәрін шауып тастайды. Кешкі намазын бір төбенің басында оқып отырғанда, бір тығылып қалған орыс солдаты мылтықпенен атып жарақттайды, мылтығының штигімен тығып жәбірлейді. Атамыз соңғы күшін жинап, орнынан тұрып орысты өз мылтығымен өлтіреді, құбыла бетке қарап «Хош бол елім, бауырларым» - деп топырақты уыстап, үстіне төгіп, сол жерде көз жұмады.
Аманжол Өтенге бір нәрсе болғанын сезіп қасына Нарынбай, Байбақтыны ертіп алып Өтен атаның жатқан жеріне келеді. Өтен атаны сол жерге жерлеп, дұға оқып, өздерінің мешіттеріне келіп елді, халықты жинап, барлық батырлармен Өтен атаның басына барып қоштасады. Бұл жерге қазіргі «Тұрғызба»/Ембі/,Ащыкөлучастогінің оңтүстігі қоңыр төбе.Өтен батыр 1872 жылы сүмбелі 17-і күні қаза табады.Жетісі болатын күн таң бозарып келе жатқан кеде Төремұраттың ауылдан екі шақырым жерде намазын оқып отырған Аманжол ата айтады. Намаздан кейін Қызданайдың ақбоз атқа отырғызып, қасында өзі шаңдатып шауып келе жатқанын көрген аталарымыз, оларды қарсы алады. Төремұрат атынан түсер-түспестен бірден Өтен атаны іздейді, оның басына барып дұғасын оқып болғаннан кейін, «алыстан келдім бір ауыз сөз айтайын»-деп Өтен атаға «ақылды болып еді еліне ақылыңды тыңдап, силап едім, Қызданай екеуіміз басыңа келіп иіліп сәлем беріп тұрмыз. Өтен бауырым топырағың торқа болсын, сенің баталарыңды ұмытпаймыз қай жерде жүрсекте де»-деп жетісі өткеннен кейін ауылдарына жол жүреді.
Аманжол алпыс үш жасқа келген шағы болатын, мешітте балдар оқытып отырғанда, үйіне кісі келетінін біліп, алдынан күтіп алады. Кешкі намаздан кейін екі атты кісі келіп амандасады, ата олардан жөн сұрайды, сонда қонақтар «біз Әлім ауылынан келдік, осында Аманжол деген қасиетті, оқымысты кісі бар деп еді, біздің аталарымызбен соғысқан, сол кісіге келе жатырмыз және де әсем мешітін көрсек пе деген ойымыз бар» - дейді, сонда Аманжол ата «иә, сендердің іздегендерің мен, үйге келіңдер»-дегенде, «жоқ біз мешітке амандасайық, сосын барамыз»-деп мешітке қарай кетеді. Мешітке бас иіп кіріп, оқуын оқып, әртүрлі арабша жазылған оқуды, өрнек, бояуларды көріп, бұл қай аталардан бері келе жатыр деп сұрағанда, атамыз бұл 1648 жылы Тойсары атамыздан бері келе жатыр, ешқандай жауға бермей, көптеген адамдар оқып, қазір мен ұстап, балаларды оқытып жатырмын деген. Сонда жолаушылар бізге әлім руының ақсақалдары «Жастабан ауылында мешіт бар, соған амандасыңдар, Аманжолға барып көрісіңдер, ол біздің Көтібар, Есетпен бірге болған, Атамыз Көтібар көп айтатын Аманжол ержүрек батыр, ештеңеден қорықпайтын, жауға бірге алып шыққанымызды рас деп, сәлем айтып жіберді»-дейді. Сәлемат болсын деп жаушыларды екі күн қонақтап, шығарып салады. Аманжол ата алпыс алты жасқа шыққан шағында үйге екі шебер келіп «ата мына мешітіңіздің үстіндегі айшығы ескірген екен, осы жерден екі, үш шақырым жерде ат басындай қорғасын көрдік, қазір арба болса алып келіп жаңадан жасап берер едік»-дегенде, Аманжол ата: Ау балдар, оған күш салып неғыласыңдар, ал қорғасын қазір өзі келеді дейді. Бәрі ағаш үйдің ішінде отырады, атамыз өзінің қасиетімен оқуын оқып намазын болғаннан кейін, сырттан жүгіріп бала келеді де, ата аспаннан қорғасын ұшып келе жатыр дейді. Ағаш үйдің ашық тұрған түнегінен жанып тұрған отқа, манағы қорғасын тарс етіп түсіп, от жан-жағына шашырап, қасындағы шеберлер зәрелері ұшады, Аманжол атамыз ал енді қорғасын келді, іске сәт, рұқсат деп мешіт үстіндегі қорғасынды қайта жаңартады.
Мешітте жақсы оқыған бір, екі баладан Хиуаға оқуға жіберіп отырады екен.
Бір күні атамыз ауылға Байбақты ата келетінін сезіп, алдынан мал сояды. Байбақты кешкі намазға үлгеріп, мешітте оқиды, ас, дәм татқан соң Аманжол екеуіміз Мырзақұл атамыздың метішіне барып келейік. Содан екеуі еліне ең күшті батырларды қалдырып жол жүреді. Мырзақұл атамыздың мешітіне келіп, иіліп сәлем беріп, намазын оқып, адайлармен кездесіп қонақтап елдеріне келеді. Байбақты атаны шығарып салады, сөйтіп мешітте балаларды оқытып, өмірін жалғастырады. Аманжол жетпіс жасқа келген шағында үйінің қасындағы арбаға балдар ойнап жатқанын көріп, арбаға тиіспеңдер дейді оларға, арбаны көзінің қарасындай сақтайды екен, осы арбада не қасиет бар деп ауылдың адамдары сұрайды, сонда атамыз бұл арбада менің екі ұлым, қызым келіп ойнайды, сондықтан жолатпай жүргенім дейді, ауыл адамдары таңданып, ау сен сонда оларды көресің бе?-дейді, иә деп жауап береді. Бір күні Аманжол атамыз халқын жинап, жақында құрғақшылық жаңбыр болмайтындығын алдын ала болжап айтады. Арада бірнеше күн өткенде күн қатты ысып, құрғақшылық басталады. Көлдегі сулар ашып құрғап кетеді. Малдар ащы суды іше алмай шөлден қырыла бастайды. Ауылдың қариялары жиналып Аманжол осы құрғақшылықты алдын ала айтып ескертіп еді, ал біздер сенбестік білдірдік. Барлық қариялар жиналып Аманжол атаға келіп мұңдарын айтып көмек сұрайды. Атамыз бір төбенің басына барып, халқына «мен осы жерде күн қызарғанға шейін намазымды оқимын, егер күн қызарғанда бойымды көтермесем судың болмағаны»-дейді де намазын оқи бастайды. Жиырма, отыз метр жерде тұрған халық кетпестен күн қызарғанға шейін күтеді. Кешке күн қызарып батып бара жатқанда Аманжол ата орынан тұрып халқына қарайды. Жиналып тұрған адамдар шүнейтке жүгіріп «су келді, су келді»-деп қолдарына ыдыстарын алып атамыздың қасына келеді. Атамыз суды шүнейттің бетіне дейін шығарып, халқын шөлден құтқарады. Аманжол атамыздың оқуына таңданып адамдар білім ала бастайды. Атамыз мешітте намазын оқып отырғанда ауылдың қария молдалары келіп «Сенің тапқырлығыңды, қасиетіңді, оқымыстылығыңды және басқа да шын ақиқат өсиет айтатыныңды, өте тазалық жақсы көретініңді білеміз. Сен халқыңды шөлден құтқардың, елге жер астынан су шығарғаның үшін «Сұпы» деп ат қоямыз» дейді. Атамыз осыдан бастап Сұпы атанып кетеді. (Жылыой өңіріндегі «Қараша елді мекенінің Атаның зиратының маңындағы шүңейт әлі күнге дейін Сұпа Ата шүңейті деп аталады.
Атамыз сексен жасқа келгенде, ауырып келген адамдарға ем домын жасап, әртүрлі ауруларды, арғы аталардың басына апарып түнетіп, жазып, алғыс сөздерге иеленіп өмір сүре береді. Аманжол ата сексен бес жасқа келгенде Ерғали інісін шақырып алып, халқыңа адал бол, ақиқат, шындығыңды айта жүр, арғы аталарыңды ұмытпа, біздің қасиетімізді жалғастыр, жеріңді жауға таптатпа, осы мешітті ұста, кейін өзіңнің інілеріңе тапсыр деп айтқаннан кейін, ал енді Ерғали інім балдарға сабақ оқытуды баста, ештеңден қиналма деп тапсырады, білмегеніңді үйретемін дейді.
Ерғали жылдан-жылға оқытушылықты жетік меңгеріп, оқуды жалғастыра береді.
Аманжол таяғына сүйеніп, мешітке келіп, інісіне әртүрлі қасиет, емін, көріпкелдіктерін үйретеді. Қазір сен мешітте балаларды оқыта бер, мен құлағыңа сыбырлап тұрамын, менің айтқанымды айта бер дейді.
Ерғали мешітте балаларды оқытып тұрғанда, құлағына біреудің сыбырлағынан сезіп, сол өздерді отырған балдарға үйретіп отырған.
Аманжол тоқсан жасқа келгенде, үйде отырып, кімнің келетінін, ол қандай адам екенін, қандай жағдайда келе жатқанын сезіп отырған, атамыздың күштілігі сонша үйінде отырғандар қасында жыландар дөп дөңгелек болып дем алып жатады екен, атамыз ұрықсат бермейінші жыландар кетпейді екен.
Бір күні бір адам әйелім тілінен айырылып қалды не істерімді білмей, сізге келдім дегенде, бара-бер таңертең жақсы болады деп үйіне қайтарып жібереді, кешке Аманжол ата қасындағы жатқан жыланға қарап отырып «сен осы жерден алысту жерде, жын пері қаққан, бір әйел адамның үстінен барып өтесің, шақпа»-деп жыланға бұйырады. Жылан барып жын пері қаққан, әйелдің үстінен жүріп өтеді, әйел оянып кетіп, айқайлап жібереді, содан әйел құлан таза жазылып кетеді, әйел өзінің жазылғанына сенер сенбестен білмей атаға келеді, ата өзінің жылан жібергенін айтады, әйел атаға жылап рахметін айтады.
Бір күні інісі Ерғалиды шақырып алып, қазір аяқ-қолы жасамайтын бір адамды алып келеді, сол адамды мешітке кіргізіп, арғы аталарға сиынып, әртүрлі Құран сүрелерін оқып болғаннан кейін маған жібер дейді. Көп кешікпей төрт, бес атты кісілер келіп оларды Ерғали қарсы алып, науқасқа мешітке кіруін сұрайды. Ерғалидың құлағына әртүрлі сыбырлаған дауыстар естіліп, сол айту бойынша ем домын жасайды, сосын сүрелерді оқып болғасын атамызға алып келеді, ата емін жасап, қазір аяқ-қолыңа жан бітеді, қорықпа орныңнан тұр деп айқайлағанда, ол тәлтіректеп тұрып аяқ-қолына жат біткенін сенді. Атамыздың өте күшті оқымыстылығына көзі жеткен Ерғали атамызға бас иіп, манағы науқас өз аяғымен атқа мініп кеткенін көріп таң қалады. Аманжол атадан бата алып Ерғали, мешітте балаларды оқыта береді.
Аманжол ата тоқсан екі жасқа келгенде құрдастарын және Ерғалиды шақырып алып «ал маған жұма күні бір қатер болуы мүмкін, егер де олай бұлай болып кетсем, менің жан намазымды басқа жақтан көк аттылы адам келеді, соған тапсырыңдар»-дейді. Атаның айтқаны келіп, манағы көк аттылы кісі ысықтың молдасы Тұманша екен. Сол жаназасын оқып, атамызды Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қарашада жерлеген. Ерғали ата, атаның айтып кеткен өсиетін орындап, мешітте балаларды оқыта береді.
1921 жылы жан-жақтан қызылдар келіп дінге қарсылық, үстемділігін жүргізіп, Ерғалиды әшкерлеп молда деп ұстап алып Орынборға түрмеге жібереді. Жылыойдағы молдалардың бәрін ұстап, атып, қудалап, содан 1928 жылдары орыстар қасында басшысы бар, бір топ адамдар келіп мешітті бұздырады.
Ерғали атаға кетерінде Сұпа Атаның аса таяғын қылышын басқа да Құран кітаптарын тығып кеткен еді. Соны 1930 жылы түрмеден шығып, тыққан жерінен алып өзінің балдары Ажмағанбет, Оразғали, Сұлу, Ұразғали, Молдағали, Қайырғали, Мұсағали, Есенғали, Түсіпқали балдарына таратып табыс еткен. Сол қасиетті мешітті бұзған адамдардан бәрі де бір, ұрпақ қалмаған.
Ерғали ата балдарына Сұпы Атадан қалған мұраларды сақтай жүріңдер, бауырларыңа беріңдер деп өсиет айтып кеткен екен. Ерғали атаның артынан НКВД-ның адамдары түсіп, қайта-қайта жауаптап жүргізбеген, сонда да Сұпы Атадан қалған Құран кітаптарды тығып оқитын болған.
1937 жылы елге аштық келіп, халық қырыла бастайды, аман қалу үшін кейбіреулері бес қалаға қарай қашады, содан бірнеше жылдардан кейін 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, Ерғали атаның балдары соғысқа кетіп оралмайды, басқа балдары жер-жерге бытырап үй болып кеткен.
1948 жылы Ерғали атамыз аталарымыздың айтып кеткен өсиетін, ақиқат және басқа да Сақтап қалған қол жазбалардан қолжазба жазып қалдырған. Кейінде атамызға қарсы шығып балағаттаған адамдардың ауызы қисайып, ауруға шалдыққан, адамдар қатесін түсінгеннен кейін атамыздан кешірім сұрап, басына түнеген.
Совет үкіметі 70 жыл ішінде халықты діннен бездіреді, аталарды ұмыттырады. Бірақ сонда да аталарымыз намаз оқып, Құран кітаптарды оқып, молдалық ұстаған.
Содан Қазақстан 1991 жылы өз алдына егемендік алғаннан кейін аталарымыздың білімдерін, қасиеттері өздерінің шөбере, дөментайларына үйрете бастаған. Әулие ата ,халықтың әулиесі ру-руға бөлмейді. Біз бір-бірімізге бауырмал, (баяғы ғасырдағыдай) аталардың айтып кеткен өсиетін, шариғатын, қасиет көріпкелдіктерін жалғастыра берейік, тарихты ұмытпайық. Уа ағайын тумалар бір-біріңді күндемей, рухты қорламай, «алтынның қолда барда қадірі жоқ дейді, қолда барда қадірлей білейік», бәріміздің де ата тегіміз оқымысты адамдар соларға кір келтірмей, рухын көтерейік. Аруақ, қасиет, көріпкелділік Алланың жіберген нұры, шапағаты, біз адамзат Алланың құлымыз, Мұхаммбет Пайғамбардың/с.ғ.с/ үмбеті, әулиелерді құрметтеңдер, мешітке барып дұға етіңдер.
Аталардың өсиетін жалғастыра берейік, ұрпақтан-ұрпаққа тарасын, совет үкіметінің кесірінен өшуге қалған рухты жандандырайық, жермен жексен болып кеткен мешітті қайтадан жандандырып, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу керек.
Көз қорқақ, қол батыр, қол біріктіріп, заманның қиындығына, қаражаттың жоқтығына қарамай бір ауыздан бірігіп атаның кесенесін, мешітін, түнек үйін тұрғызып, өлі рухтарды риза қылайық, оларда осы қазақ үшін жанын аямады, бізде сондай аталардың жолымен жүрейік.
Халайық Мұсылмандар бір-бірімізді қолдап, ру-руға бөлінбей ұйыған айрандай болайық. Бір-бірімізге көмектесіп, бәрімізге бір ортақ жаратқан Аллаға сиынып, ұлы Мұхамбет Пайғамбарымыздың/с.ғ.с/ дінін өсиетін, рухын ұмытпайық, дінін сақтайық. Тоз-тоз болып жаман жолға түскендер бір кезек ойланыңдар, азғантай өмірді мәнерлі, таза өткізіңдер, аталардың салған жолымен жаңылмай жүрейік, тату-тәтті қайырымды болайық бір-бірімізге. Әумин.
Осы кітапшаны баспадан шығаруға демеушілік көрсеткен көмегі үшін жеке кәсіпкер  ризашылығымды білдіріп, алғысымызды айтамыз.
Кітапты жазған: Ыбыраш Жамбыл Демеуұлы.
Ұйымдастырушы: Қашабаев Төлебай Мусаұлы.