Тойсары мешіті 1648-1928 ж



Халықты рухани тәрбиелеу ежелден келе жатқан үрдіс жолда діннің өнегелі қағидаларын да пайдалана білген. Дін шариғатын үйретуде мешіттер үлкен роль атқарған. Өлкеміздегі дін таралымын зерттей жүргенде Жылыой жерінде алғашқы мешіттердің бірі 1648-1928 жылғы Тойсары мешіті болса керек. Қазір ол мешітті «Сұпы Ата» мешіті деп атайды. Он екі Байұлының Таз баласынан тараған  Жастабан ұрпақтары салдырған.
Тайсары ата 1622 жылы дүниеге келді, он екі жасында Құран кітап оқып білген, он сегіз жасында Арабияға барып, жан-жақты дәріс алады.
1648 жылы Атырау облысы Жылыой өңіріндегі, Қарашада мешіт салдырып, балалар оқытып хат танытқан.(Мешітті әрі қарай кімдер ұстады? Мешіт тарихын білгісі келетіндер «Сұпы ата мешіті» кітабынан оқып білуге болады)
Аманжол Маңдайұлы ата (1823-1915) мешітте бала оқытып,  тоқсан екі жасқа келгенде құрдастарын және Ерғалиды шақырып алып «ал маған жұма күні бір қатер болуы мүмкін, егер де олай бұлай болып кетсем, менің жаназа намазымды басқа жақтан көк аттылы адам келеді, соған тапсырыңдар»-дейді. Атаның айтқаны келіп, манағы көк аттылы кісі ысықтың молдасы Тұманша екен. Сол жаназасын оқып, атамызды Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қарашада жерлеген. Ерғали ата, атаның айтып кеткен өсиетін орындап, мешітте балаларды оқыта береді.
1921 жылы жан-жақтан қызылдар келіп дінге қарсылық, үстемділігін жүргізіп, Ерғалиды әшкерлеп молда деп ұстап алып Орынборға түрмеге жібереді. Жылыойдағы молдалардың бәрін ұстап, атып, қудалап, содан 1928 жылдары орыстар қасында басшысы бар, бір топ адамдар келіп мешітті бұздырады.
Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш