Шолабай мешіті



Шолабай мешіті Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 132 км, Желтау тауында орналасқан. Мешіт Шолабай діни-тұрмыстық кешенінде орналасқан. Кешенде мешіт, тұрғын үйлер және қорымнан тұрады. Қорым биік төбенің үстінде орналасқан болса, мешіт пен тұрғын-жайлар терең ойыста орын тепкен. Қазіргі уақытта кешен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш- терінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Алғаш рет кешенді 2004 жылы С.Әжіғали бастаған Батыс Қазақстандық кешенді этноархеологиялық экспедициясы зерттеген болатын.
Мешіт құрылысы тау тастарынан қаланып салынған. Көлемі 10 х 5 м. Күмбездері ішіне опырылған. Қорымдағы құлпытастардың таңбалары мен жазуларына қарап бұл жерде Адай руының және ішінара Ысық руының өкілдері болғанын болжауға болады.