Әби мешіті


Әби мешіті Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км қашықтықта орналасқан.
Мешіт құландысының орны темір шарбақпен қоршалған. Көлімі 18 х 6 метр. Құрылысы шикі кірпіштен қаланған. Мешіттің аумағында өзге құрылыстың орындары байқалады. Шығыс бөлігінде 25 метр жерде қорым орналасқан. Мешіттің қасына қызыл кірпішпен қаланған белгі орнатылған. Онда: «Бұл жерде 1920 жылы салынған Әби мақсым мешіті болған, мешіт имамы Әби Өтеумағамбетұлы (Адай-Қосай-Тіней) 1893 - 07.12.1937» делінген.
Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны Жаржанов Сағынғалидың айтуынша, Қосай-Тіней- Танат-Өтеміс-Жылыс-Жүзжасар-Әжмағамбеттен- Есмағамбет деген бабамыз сексен бие байлап саудырып жылқының ақ жал қылымен тас бастырып мешітті ағайын-туғандармен салдыртқан. Есмағамбет атамыздан екі бала болған - Жаржан мен Шәмші. Жаржан молда әрі аруақты емші болған. Есмағамбет атамыз 95 жасында дүниеден озады екен. Немере інісі Өтеумағамбетұлы Әбимаксым 1893 жылы туған. Мешітте қалпе ұстап бала оқытқан, содан Әбимақсым мешіті аталып кеткен. Әуелі баста жылқының ақ қылдарымен ай түскенде ағарып тұратын болғасын ақмешіт деп те атаған. Әбимақсым мешіті тұрған жер сол кезде «Жаржан түбек» деп, кейін «Ақтайлақ» деп аталған.
Мешітте бала оқытуды тоқтатқаннан кейін үкімет кудалағасын Қосшағылға көшіп, шеберханада қызмет атқарған. Өзі шебер кісі болған екен. 1937 жылы Ақүшкөл мектептің терезесін қондырып жатырғанда НКВД-ның 05.12.1937 жылғы шешімімен 07.12.1937 жылы атылған екен. Кейін, Гурьев облыстық прокуратурасымен қылмысы жоқтығына байланысты 11.05.1989 жылы ақталған. 1939 жылы мешіттен Жаржанды да ұстап алып кеткен.
Мешітте намаз, діни мейрамдар өткізілген, бала оқытылған. Мешіт 1926 жылға дейін жұмыс жасап, 1936 жылы