Құран бағышталды

Атырау облысы,Жылыой ауданы ,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде қаза тапқандардың рухына Құран аятын оқып бағыштады.
«Алла Тағала осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді марқұмдардың қабірлерін нұрға бөлегей!»,-деді  «Қапан қажы» мешітінің  имамы  Жамбыл Ыбыраш.
Сонымен қатар, Құптан намазынан кейін «Қаңтар оқиғасында» қаза болғандардың рухына Құран бағышталып, 3-ші Құран Хатым дұғасы жасалды.