![](/uploads/posts/2019-10/medium/1570385891_60666696_2266885030228836_1551638033252483072_n.jpg)
Қасиетті Рамазан айында 18.05.2019 Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 1992 жылғы өмір есігін ашқан іні-қарындастарымыз 170-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып, барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, мешіт жамағаты атынан сыйлықтар тарту етілді. Алла тағала сауаптан жазсын!
Алла тағала ауылымыздың ынтымақ-ауызбіршілігін арттыра түссін, әрбір шаңыраққа иман байлығы мен адал рызық-несібесіне берекет берсін. Әмин!!!
Ауызашар соңында Құран аяты бағышталып, Құлымжан ақсақал батасын берді .