"Жақсылықта жарысайық" акциясына

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 
"Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен "Жақсылықта жарысайық" акциясына атсалысып жатқан жастарымызға ризашылығын білдіріп-"Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде«Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады».Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан.Бүгін 30.31.05-2күн 1986 жылы өмір есігін ашқан жастарымыздың және 28.29.05.-2күн-1989 жылғылар «Құлсары-Шоқпартоғай»,Шоқпартоғай-Құлсары»№53 маршрутын тегін жүргізіп,ауыл тұрғындарының ықыласына бөленіп,1988 жылғы жастарымыз ауылдағы 10 мұқтаж семьяларға ұн,секер,күріш,қаймақ,жұмыртқа,құрма,шемешкі май апарып беріп,1980 жылғы дүние есігін ашқан азаматтар Төлепова Қансылу апаларына су жаңа газовка сыйға тартып, мұқтаждардың дұғаларын алып көңілдерін көтеріп тастады.Жаңабаев Айбек есімді азамат 3 отбасына азық түлік таратты.Алла олардан разы болсын! "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жастарға тартымды уағыздарын айтты. Алла тағала сауаптан жазсын! Мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы ризашылығын білдіріп, осындай игілікке толы,ғибратты шаралар әрқашан ауыл xалқының ыстық ықыласын тудырады деген үміттемін –деді. Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді тілесін