Ауыз ашар Рахимов Мади шаңырағында

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы 
"Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен "Жақсылықта жарысайық" акциясына атсалысып жатқан жастарымызға-"Пайғамбарымыз Мұхаммед/с.ғ.с/Хадисінде ас беру өте сауапты амал делінген. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады - делінген. 
Қасиетті Рамазан айында Рахимов Мади Нысапұлы бауырымыздың шаңырағында 50-ге жуық ауыл тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастырып, барша жамағатпен бір дастарxан басында қауышып, Алла тағаладан еліміздің бейбітшілігін, xалқымыздың амандығын тіледік . "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жамағатқа тартымды уағыздарын айтты. Алла тағала сауаптан жазсын! Мешіт имамы Жамбыл қажы Демеуұлы ризашылығын білдіріп, осындай игілікке толы шаралар әрқашан ауыл xалқының ыстық ықыласын тудырады деген үміттемін -деді.