"Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру шаралары "

Атырау облысы, Жылыой ауданы әкімшілік залында барлық округ әкімдері, имамдары, т. б. мекемелердің қатысуымен "Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру шаралары бойынша атқарылған жұмыстар" туралы үлкен көлемде кездесу ұйымдастырылды. "Қара арна" селолық округінің әкімі Е. Елеусінов ауылдағы атқарылған жұмыстарды , "Қапан қажы" мешітінің жамағаттарымен бірлесе атқарылған жұмыстарды айтып тамаша баяндама жасады. Мешіт имамы Жамбыл Демеуұлы әлі де атқарылмай жатқан жұмыстарды бірлесіп жасауға ұсыныс білдірді.