Алла үшін жақсы көру

Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы " мешітінде мешіт ұжымы және жастар жамағатының ұйымдастыруымен құптан намазынан кейін жамағаттарға арналып дастархан жайылды. Бұл шарада "Қапан қажы " мешітінің Бас имам Ж. Ыбыраш, жиналған жамағатқа өзінің әсерлі уағыздарымен бөлісті. Сондай –ақ бір мұсылман бауырыңызды Алла үшін жақсы көру және дұға мұсылманның қорғаны, жамағатпен бірге болу жайында жиналған жамағатқа уағыз насихаттарын айтты. 
Жаңа намаз бастап келуші жамағатқа мешітіміздің ұстаздары Е. Жұмағалиев,Ыбырашев Арман жамағатпен бірге болу және Алла тағаланы жамағатпен ұлықтау жайында Пайғамбарымыз (с.а.с) мына хадисын айтты: «Кім білім іздеп бір жолға түссе, Алла оның жаннатқа барар жолын жеңілдетеді. Ал адамдар Алланың Кітабын бәрі бірге қосылып оқып-үйрену үшін Алланың үйлерінің біріне жиналса, оларға міндетті түрде тыныштық түседі (яғни адамның жан дүниесін, жүрегіне тыныштандыратын нәрсе) және оларды мейірім шапағат орап алады, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды Өзінің құзырындағыларға айтып мақтанады, ал кімнің амалдары бояу болса, оны шыққан тегі жылдамдата алмайды»,-деді. Яғни жамағатпен бірге болу жамағатпен Алланы ұлықтау біздердің күналарымызды кешіріп, дәрежелерімізді жоғарылатын амалдардың бірі екен. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да айына екі рет дастархан жайылып өз жалғасын табатын болады.