«НҰРҚАС-САТЫБАЛДЫ» МЕШІТІ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңақаратон поселкесінде орналасқан. Мешіт құрылысы 2004 жылы басталып, 2006 жылы ашылды. Мешіт салуды ауданға белгілі кәәсіпкерлер Тілепберген Ұлықпанов, Байрақбай Қаражановтардың көмегімен өз қаражаттарына салынды. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 278,3м-2,Жер учаскісінің жалпы алаңы 0,612 га,мұнараның жалпы алаңы 7,5м-2,мешіттің қызмет көрсететін дәретхананың жалпы алаңы 98,5м-2,обьект бойынша технология және сәулет-құрылыс шешімдері мынадай деректермен сипатталды.Қабаттылығы -2, биіктігі 6,15 м,төбесі плита,сыртқы қабырғасының құралы ракуш тас, қалыңдығы 20,0см құйылған,бетондалған тереңдігі 135,0 см.
МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
Сарсекеев Ажок Саясатұлы. 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон ауылында дүниеге келген. 
1990-2001жж #22орта білім алған. 
2010-2013 жж Ақтөбе медресесін тәмамдады. 
2013-2016жж Алматы қаласындағы ЕИМУ"НҰР-МҰБАРАҚ" институты, "Исламтану" бөлімінің бакалавырың бітірді. 
2016ж - дан Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінің " Нұрқас Сатыбалды " мешітінде имамдық жұмысын атқаруда.